Елордада бейнелеу өнері мұғалімдерінің республикалық конференциясы өтті

Жаңалықтар
609

НЗМ-де «Қазіргі мектептегі бейнелеу өнері» атты бірінші республикалық практикалық конференция өтті. Бұл туралы НЗМ-ге сілтеме жасап «Мәдениет порталы» хабарлайды.

Конференцияға Нұр-Сұлтан қаласының жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдері, жоғары оқу орындары мен көркемөнер мектептерінің оқытушылары, бейнелеу өнері және саз терапиясы орталықтары мен мектептерінің мұғалімдері қатысты. Шарада 

мектеп бағдарламаларында міндетті және дербес «Бейнелеу өнері» пәні ретінде қазіргі заманғы көркем білім беруге қатысты бірқатар өзекті мәселе талқыланды. Конференция соңында Халықаралық Бакалавриаттың NIS бейнелеу өнері мұғалімінің әдістемелік нұсқаулығын ұсыну, кәсіби қызметті дамыту және тәжірибені тарату мақсатында Қазақстан бейнелеу өнері мұғалімдерінің қауымдастығын құру туралы қарар қабылданды.

Конференцияны Нұр-Сұлтан қаласының NIS өнер және Дизайн кафедрасының оқытушылары ұйымдастырды. Бейнелеу өнерінің мұғалімі Айгүл Төлегенованың айтуынша, жыл сайын конференцияны дәстүрлі түрде өткізу жоспарланып отыр. Сондай – ақ, осы қоғамдастықтың суретші-мұғалімдерінің алғашқы көрмесі ұйымдастыру алға қойылды.

фото: НЗМ

Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...