Тоқаев Тұңғышбай Жаманқұловты қабылдады

ТЕАТР
3889

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның театр қайраткерлері одағының төрағасы Тұңғышбай Жаманқұловты қабылдады, деп хабарлайды "Мәдениет порталы"  ҚР Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесуде Қазақстан театр қайраткерлері одағының мәртебесін көтеру мәселелері көтерілді.

Кездесу барысында мемлекет басшысына Қазақстанның ұлттық театрларының жағдайы, ұлттық кинодағы жағдай туралы ақпарат берілді.

Тұңғышбай Жаманқұлов президентке өңірлердегі театрлардың шығармашылық қызметі, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында жас мамандарды даярлау барысы және басқа да өзекті мәселелер туралы баяндады. Сонымен қатар, Қазақстан театр қайраткерлері одағының мәртебесін көтеру мәселелері көтерілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев театр мен киноның елдің мәдени және рухани өміріндегі ерекше рөлін атап өтті. Мемлекет басшысы бұл саланы дамытуға көп көңіл бөлетінін және үнемі қолдау көрсететінін айтты.

author

Әл-Тарази Тұңғышбай

АКТЕР

Жаңалықтар

“Банк ЦентрКредит” қызметкерлері тұтынушыға қазақ тілінде қызмет көрсетпеген видео тик-т...

Жаңалықтар

10 мамырда Қостанай облысы, Ұзынкөл ауылында өз үйінің ауласынан аудандық полиция бөлімі қызметкерін...