Үкіметтің жұмысында қайта-қайта олқылықтар болып жатыр - Тоқаев

Жаңалықтар
779
Жалпы, ашығын айтуымыз керек, Үкіметтің жұмысында қайта-қайта олқылықтар болып жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына Жолдауында осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды Мadeniportal.kz.

Біресе жанар-жағармай, біресе шекер жетіспейді. Осының бәрі Үкіметтің нақты шешім қабылдауға келгенде өте баяу қимылдап, батыл қадам жасай алмауынан болып отыр. Мұндай жағдайға азаматтардың да көңілі толмайды. Әрине, бұл – орынды. Сондықтан, дәл осылай жалғаса берсе, тағы да нақты кадрлық шешімдер қабылдауға тура келеді, - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде тапсырма бергенін айтты.

Үкімет бұл мәселені тікелей бақылауға алсын. Жол құрылысындағы заңсыздықтарды анықтау қажет. Бұл жұмыстан нақты нәтиже шығару керек. Бізде әлі күнге дейін битум тапшы. Бұл – ірі көлемде мұнай өндіретін ел үшін, тіпті, ұят жағдай. Үкімет осы мәселені түбегейлі шешуге тиіс, - деді Президент.  

Жаңалықтар

Нью-Йорктің Оңтүстік округіндегі рэпер әрі продюсер П.Диддиге қарсы тағы 2 арыз түсті, деп хабарлайд...

Жаңалықтар

Француз қонақ үйінің қызметкері 16 жыл өткеннен кейін студент қызға қол тигізгені үшін түрмеге қамал...