Режиссер Әділхан Ержановтың фильмі жеңіске жетті

КИНО
1944

Әділхан Ержановтың «Штурм» фильмі Лос-Анджелестегі Азия-Тынық мұхиты кинофестивалінің Гран-Приін «Үздік толықметрлі фильм» номинациясы бойынша жеңіске жетті, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Фильмдегі оқиға белгісіз бір топ адам басып алған Қаратас ауылындағы мектеп төңірегінде өрбиді. Балаларды кепілге алған әлдебіреулер ешқандай талаптар қоймайды. Жергілікті мұғалім Тазши кепілде қалған оқушылардың ата-аналарынан құралған шабуыл тобын ұйымдастырады. Себебі қарлы боранның салдарынан көмекке келетін арнайы жасақ жете алмай қалады. 

Фильмдегі басты рольдерді Азамат Нигманов, Александра Ревенко, Берік Айтжанов, Данияр Алшинов, Нұрлан Батыров, Теоман Хосе, Еркен Губашев, Нұрбек Мұқышев және Ерден Телемисов сомдады.
«Штурм» ресейлік «LOOKFILM» және «FORESTFILM» компанияларының «Қазақфильм» киностудиясымен, Cinerental және танымал Nomad Stunts каскадерлік тобымен бірлесіп түсірген ко-өнім болып табылады. Бұған дейін «Штурм» фильмі  Гран-при мен сыншылардың жүлдесін жеңіп алған болатын. 

madeniportal.kz