Бишімбаевтың ата-анасы халықтан кешірім сұрай отырып, барлығына Салтанатты кінәлады

Бейнежазбадан

Жаңалықтар
1030

Әйелін қатыгездікпен өлтірді деп айып тағылған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы Уәлихан Бишімбаев пен Альмира Бишімбаева ресейлік блогер Наталья Грэйске сұхбат берді. Блогердің YouTube арнасында жарияланған сұхбатта экс-министрдің әкесі Уәлихан Бишімбаев халықтан кешірім сұрады. Сонымен қатар, отбасындағы барлық келеңсіздікке Салтанаттың да кінәсы бар екенін айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz janabastau.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Бишімбаев ісі өз арамызда ғана емес, бүкіл әлемде талқыланып жатқан атышулы іске айналды. Әсіре ресейлік журналистердің қызығушылығы ерекше.

Алдыңғы апта журналист Ксения Собчак, блогер-коуч Наталья Грейс арнайы Астанаға келіп, сот отырысына қатысты. Соңғысы Қуандық Бишімбаевтың ата-анасынан сұхбат алған. Қазақстандық бірнеше университеттің ректоры болған Уәлихан Бишімбаев баласына қатысты алғаш өз ойын білдіріп, халықтан кешірім сұрады. 

"Мен күллі қоғамнан кешірім сұраймын. Рақымшыл болуларыңызды өтінемін. Әділетті үкімнің шығуын тілеймін. Соттың әділетті өтетініне сенімдімін. Күнде құдайдан сұрайтыным - рақымшылық. Баламның кінәсін кешіре көруін сұраймын", - деді Уәлихан Бишімбаев.

Уәлихан Бишімбаев өз баласының кінәлі екенін, соған сай жазасын алу керектігін алға тартып, тек әділетті сот шешіміне сенім артатынын білдірді.

Сонымен қатар, Бишімбаевтың ата-анасы ұлының жақсы жақтарын айтып, Салтанат Нүкеновамен бас қосқаннан кейін ішімдікке салынғанын да атап өтті.

Біздің әулетіміз өте үлкен еді. Уәлиханның әке-шешесінің қолында тұрдық. Бір жиналғанда дастархан басына 12-ге жуық адам отыратын. Ешқандай дау-жанжал болмайтын. Мен мұны жүрегіме қолымды қойып отырып, айта аламын. Мен ұзақ уақыт бойы бала көтере алмадым. Оның дүниеге келгенін бүтін бір әулет болып күттік. Тұңғышымыз, яғни Қуандық туғанда, қуанышымыз қойнымызға сыймай, атын "Қуандық" деп қойдық. Ол махабатқа бөленіп өсті, - дейді Альмира Бишімбаева.

Альмира Бишімбаева ұлының қасақана адам өлтірмегенін айтып, оған ешқандай себеп жоқ дейді.

Ол өте мейірімді адам. Біздің жасымыз келіп қалғанын ескеріп, бір үйден, бір кіреберістен үй алып, үнемі қасымызда болғысы келді. Ол қасақана жауыздықпен адам өлтіре алмайды, - дейді Альмира Бишімбаева.

Ал Уәлихан Бишімбаев ұлы Қуандық Бишімбаев жар таңдауда қателескен деп есептейді.

Бізге де қиын. Салтанат отбасымыздың бір мүшесі болды. Мен оны қызымдай жақсы көрдім. Үйленген кезде Қуандықтың жүзінде қуаныш пайда болып, бақытты болып жүрді. Кейін қателескенін түсінді. Қазақта "Жақсы әйел - жаман еркектің басын төрге сүйрейді, жаман әйел жақсы еркектің басын көрге сүйрейді", - деген сөз бар. Олар үйленген соң ғана бір-бірін тани бастады. Мен "Салтанатқа бір-біріңді жақсы көріп, әрі қарай тұра алмасаңдар, ажырасыңдар" деген едім бірде. Ол "Мен ондай ақымақ емеспін? Пәтерім бар, асырайтын күйеуім бар, мейрамханам бар" деп жауап бергенде не дерімді білмедім. Сонда отбасылық бақыт қайда? - дейді Уалихан Бишімбаев.

Қуандықтың анасы да марқұм келінінің біраз "минустарын" тізіп берді. 

Салтанат жақсы әйел, жақсы келін болуға деген шыдамы 1-1,5 айға ғана жетті. содан кейін-ақ бәрі басталды. Екеуі бірігіп ішетін болды. Оған дейін Қуандық мүлде ішпейтін. Енді... арасында ғана болмаса... Сосын Қуандық үйленген соң өте ашушаң, тұйық болып кетті, - дейді Альмира Бишімбаева.

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...

Жаңалықтар

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жуырда ғана қайырымдылыққа аударған қазақстандықтардың қаржысын жымқы...