Қазақ театр өнері жиырмасыншы жылдардың соңғы ширегінде барынша дамып, өскелең бейнесін көрсете алға...
«Tiger Films» киностудиясы фантастикалық жанрдағы фильмнің түсірілімі басталады
Алматыда «Tiger Films» киностудиясының қоржыны тағы бір фильммен толығады деп хабарлады «Хабар 24» . Алдағы уақытта «Мой парень – инопланетянин» фантастикалық фильмінің түсірілімі алдағы аптада басталады. Қиял-ғажайып жанрындағы туынды жер бетіндегі және өзге ғаламшар арасындағы байланыс, қиял-ғажайып, махаббат пен шытырман оқиғаға толы өрбімек. Түсірілім алдында шығармашылық топ дәстүр бойынша жаңа жобаға сәттілік тілеп, тарелка сындырды.
Ален Ниязбеков, фильм режиссері:
– Фантастика – қазақ киносында толық қалыптаспаған жаңа жанр. Біз комедиядан әрі қарай жаңа жанрға бет бұрдық. Осылайша «Мой парень - инопланетянин» фильмі жаңашылдыққа толы болады деп ойлаймын. Фильмде екі ғаламшардың байланысы көрсетіліп, махаббатпен ұштасады. Қиял-ғажайып жанрдағы фильмнің басты рөлдерін актер Бауыржан Сатов пен Жұлдыз Өмірғали сомдайды. Жер шары мен Тигарден жұлдызы арасындағы байланыс қос кейіпкердің махаббатымен жалғасады. Бұдан басқа да негізгі рөлдерде Дәурен Серғазин, Жахан Отарғалиев және Қайрат Әділгерей ойнайды.
Дәурен Серғазин, театр және кино актері:
– Менің кейіпткерім сол балалық шағындағы арманы бар, қиялы бар. Өзінің арманына ғашық, өзінің арманына сенетін адамның бірі. Өзге ғаламшарлықтарға қатты сенетін, қатты іздейтін. Солармен күресіп, соларды аңдып осындай ізденісте жүрген кейіпкер. Рано
Умарова, фильм продюсері:
– Бұл қазақстандықтардың сүйікті фильмдерінің бірі болады деп ойлаймын. Өйткені махаббат пен фантастиканы жұптастырамыз. Актерлер құрамы шебер әрі танымал адамдардан құралған. Түсірілім Алматы қаласы мен облысында болады, негізінен шағын қалаларда түсіреміз. 2021 жылы құрылған «Tiger Films» киностудиясы бүгінге дейін үш комедиялық фильмді көрерменге тарту етті. Олар елімізден өзге Қырғыстан мен Әзірбайжанда көрсетілген.