Түркияда кинофестиваль «Томирис» фильмімен ашылады

КИНО
1195

«Томирис» тарихи картинасы 8-12 қараша аралығында Стамбулда өтетін Korkut Ata Turkic World Film Festival фестивалін ашады. Бұл туралы фильмнің режиссері Ақан Сатаев өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында қазақстандық картина Түркияда прокатқа шығып, 200-ден астам кинотеатрларда көрсетілді. Биыл алғаш рет өтетін Korkut Ata кинофестиваліне 13 елден 42 кинокартина қатысады. Байқау аясында Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Татарстан және түркі әлемінің басқа да елдерінің кинематографистері тарихи және заманауи фантастика жанрында түсірілген үздік жұмыстарын, сондай-ақ деректі және анимациялық фильмдерді ұсынады.

Байқауда бас жүлде үшін режиссер Рүстем Әбдірашовтың «Қазақ хандығы. Алтын тақ» фильмі, режиссер Бақыт Қайырбековтың «Огонь, мерцающий в сосуде» фильмдер қатысады. Қазақстанның анимациялық фильмдер секциясында режиссер Адай Әбілдиновтың «Күлтегін» толық метражды анимациялық фильмі көрсетіледі.

Сонымен қатар «Тарихи фильмдер панорамасы» бағдарламасында режиссер Сатыбалды Нарымбетовтың «Аманат» фильмі көрсетіледі. Сондай-ақ «Заманауи пейзаждар» секциясында көрермендер режиссер Бегарыс Елубайдың «Оазис» картинасын көреді.

Бүгінгі таңда фестиваль жұмысына Қазақстанның Халық әртісі Асанәлі Әшімов, «Қазақфильм» киностудиясының президенті Ақан Сатаев, киностудияның өндіріс жөніндегі вице-президенті Айдар Баталов, «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ бас продюсері Адай Әбелдинов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актер Берік Айтжанов, актрисалар Альмира Тұрсын және Аружан Жазылбекова, режиссер Нұрғиса Әлмұрат, продюсер Нұрлан Қоянбаев және басқалары қатысатыны белгілі.

madeniportal.kz 

Жаңалықтар

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жуырда ғана қайырымдылыққа аударған қазақстандықтардың қаржысын жымқы...

Жаңалықтар

Оқиға Алматының Наурызбай ауданында қоғамдық көлік аялдамаларының бірінде күндіз орын алған, деп хаб...