Ақтөбеде кепілге алынғандар оқиғасы: жаңа ақпараттар

Коллаж: Orda.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
776

Ақтөбе облысында кепілге алынған 40 жастағы әйел ауруханадан шықты, деп хабарлайды madeniportal.kz Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Еске салайық, 14 қаңтарға қараған түні ер адам 40 жастағы әйел мен оның ата-анасын кепілге алған еді. Әйелдің егде жастағы анасы мен өгей әкесіалған пышақ жарақатынан көз жұмды. Күдікті әйелдің бұрынғы жігіті екен. Ол әцелмен бірге тұрған.

Әйел ата-анасының көз жұмғанын әлі білмейтін еді. Сонымен қатар ол бүгінгі күнге дейін арнайы операцияның қалай аяқталғанын білмейді. Оны ауруханадан туыстары алып кетті.

«Науқас жалпы жағдайының және денсаулық көрсеткіштерінің жақсаруына байланысты ұсыныспен үйіне шығарылды. Одан әрі бақылау тіркелген жеріндегі емханада жүргізіледі», деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.

 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Перу соты бұрынғы президент Оллант Умалды 15 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлады MADENIPOR...

Өнер

«Қазгидромет» РМК алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жасады. Еліміздің басым бөл...