Алматыда Батырхан Шүкеновті еске алу кеші өтті

Жаңалықтар
778

Алматыда ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші, музыкант және композитор Батырхан Шүкеновтің 60 жылдығына арналған BATYR.GÜL ALMATY атты арнау концерті өтті деп хабарлайды madeniportal.kz. 

Шаһардағы ауа-райының қолайсыздығына байланысты ұйымдастырушылар сахнаны Республика сарайының көрермен залына ауыстырған. Ал ішке кіре алмаған тыңдармандар үшін Абай алаңындағы үлкен экранда трансляция ұйымдастырылды. Еске алу концерті әнші туралы естелікті сақтауға және шығармашылығын кеңінен насихаттауға бағытталды. Мәдени шараны ұйымдастырушылар Батырхан Шүкенов атындағы Қоғамдық қоры. Кешке әншінің өнердегі әріптестері, шығармашылық зиялы қауым өкілдері мен тыңдариандары жиналды. Концертте Батырдың шығармашылығынан замандастары мен жас музыканттар әндерін орындады.


author

​Батырхан Шүкенов

ӘНШІ

Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...