Әлемдік деңгейдегі әнші Димаш Құдайберген Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдер кинофестивал...
Тимур Урманчеев «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының көркемдік жетекшісі болып тағайындалды.
Белгілі қазақстандық музыкант Тимур Урманчеев «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының көркемдік жетекшісі болып тағайындалды.
Урманчеев – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық байқаулардың Лауреаты, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармонияның солисті.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының фортепиано классы бойынша түлегі (1991). Ассисентура-тағылымдама (1993). Жоғары орындаушылық шеберлік курстары (1990, П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының профессоры А.Ведерниковтың классы).
Т.Урманчеев – Қазақстанның академиялық музыка өнерінің жарқын өкілі. Ол отандық өнердің дамуына зор үлес қосты. Талантты солист, концертмейстер, «Форте Трио» мемлекеттік ансамбілінің негізін салушы және көркемдік жетекшісі. Т.Урманчеевпен бірге белгілі қазақстандық және шетелдік музыканттар өнер көрсетеді. Танымал пианист бірнеше рет отандық музыкалық өнердің озық үлгілерін халықаралық сахнада ұсынған. Ірі халықаралық және республикалық жобалардың көркемдік жетекшісі болып табылады: «Астана кештері», «Жапондық көктем», «Жапондық күз» өнер фестивальдары, «Көктем самалы» и «Жүрек сазы» республикалық музыка фестивальдары, «Времен связующая нить» мәдени қайырымдылық мегажобасы.
Т.Урманчеевтің қазақстандық музыка өнерінің дамуына қосқан үлесі бірнеше рет мемлекеттік дәрежеде атап өтілді. ҚР Президентінің жарлығымен 2001 жылы «Ерен енбек үшiн» медалімен марапатталды. 2006 жылы Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері атағын иеленді. 2015 жылы оған «Құрмет» ордені берілді. Бұған қоса, Т.Урманчеев «Renata Tebaldi-Mario Del Monaco» (Италия) Халықаралық вокал академиясының құрметті профессоры.
madeniportal.kz