Мемлекет басшысы Президент сайлауын 2022 жылғы күзде өткізуді ұсынды

Жаңалықтар
913
Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынамын. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтты, деп хабарлайды Мadeniportal.kz.
«Мен биылғы күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынамын. Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет. Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс Президент сайлауына баруға дайынмын», - деді Мемлекет басшысы.

«Сондай-ақ, мен көп ойланып, Президент өкілеттігі мерзімдерінің санын және ұзақтығын қайта қарау қажет деген байламға келдім. Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынамын. Бірақ қайта сайлануға тыйым салынады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жаңалықтар

Ақтөбедегі әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметші қаза тапты, деп хабарлады madeniporta...

Шоу-бизнес

Танымал әнші Сәкен Майғазиев әлеуметтік желіде марқұмды еске алып жазба арнады, деп хабарлады madeni...