Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Ұлттық кітапханада елімізд...
Астаналық волонтерлер азық-түлік себеттерін таратты
фотосурет: «Астана жастары» ЖРО» КММ
1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесін дүниежүзі атап өттеді. Қарттар күні – халықаралық мерекесі 1990 жылдың 14–інші желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясында ресми бекітілген. Халықаралық қарттар күні 1991 жылдан бері 1 қазанда тойланып келеді. Аталған мерекенің мақсаты – қарттардың қоғам мен мемлекет алдындағы еңбегін құрметтеу, олардың мәселелері мен қажеттіліктеріне және өмір сапасын арттыруға назар аудару әрі қамқор болуды көздейді. Жыл сайын аталған мереке күні құзырлы органдар және облыс, қала, аудан әкімдері қарттарды құттықтап жатады, түрлі форматта мерекелік шаралар ұйымдастырылып келеді. Осы бір аяулы мерекенің қарсаңында елорданың белсенді жастары қала зейнеткерлеріне азық-түлік себеттерін таратты, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Азық-түлік себеттерін «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері таратты.
Еркітілер жалғызбасты қарттарға, ардагерлерге, тыл еңбеккерлеріне, мүгедектігі бар зейнеткерлерге жүйелі түрде көмек көрсетіп келеді. Тек қана азық-түлік таратып қана қоймай тұрғын үй аулаларын тазалап, үй шаруашылығына көмектесіп, дүкендерден азық-түлік жеткізіп береді. Еркітілер атаулы мереке күндері азық-түлік себеттерін сыйлауды дәстүрге айналдырған.
Бір әлеуметтік себетте ең қажетті әрі пайдалы өнімдер, тұрмыстық тауарлар қамтылған.
«Жастарымыз аға буыннан үлгі алады. Бүгін біз игі іс жасап, үлкендерді дәмді сыйлықтармен қуантып, көмек ұсынуды шештік. Осы тамаша күні мен әр зейнеткерді шын жүректен құттықтаймын», - деп атап өтті «Астана жастары» ЖРО еріктісі Дэвид Шарипов.
Іс-шараға барлығы 10-ға жуық ерікті қатысты.
Қариялар ұйымдастырушыларға көңіл бөлгені үшін алғыс айтты.
«Мен жалғыз тұрамын, сондықтан біздің алтын еріктілер сияқты мейірімді адамдар бар екеніне қуаныштымын. Біз туралы ұмытпағаныңызға және осы керемет мерекемен құттықтағаныңызға рақмет!», - деді зейнеткер Мария Ақшалова.