Белгілі блогер Бозжыраның қос «азуы» арасында арқан жолмен жүрді

Жаңалықтар
1069

Мәдениет және спорт министрлігі халықаралық компаниялармен Қазақстанда туризмді ілгерілету бағытында бірлескен жобаларды іске асыруда. Бұл бастамалар өзара ынтымақтастық аясында бюджет қаражатынсыз жүзеге асырылып отыр.



Таяуда Маңғыстау облысына эстондық танымал слэклайнер-спортшы Яан Роузе келіп, Бозжыра шатқалы туралы видеоролик түсірді. Видеода Яан Бозжыраның қос «азуы» арасында тартылған арқан жолмен 200 метр биіктікте жарты шақырым қашықтықты жүріп өтті. Видео қазірдің өзінде үш жүз мыңнан аса қаралым жинады.



«Алдымен Бозжыраны суреттерден көріп, таң қалдым. Ал осында келгенде оның көркем сұлулығын тамашалап, тіпті тілім байланып қалды. Мұнда бағзы заманда мұхиттың болуы қиялды шалқытады. Шынын айтқанда, бұл - ең қиын әрі әдемі жобаларымның бірі. Мен Қазақстанға бірінші рет келдім, маған жергілікті халық ерекше ұнады»,- деп алған әсерімен бөлісті Яан Роуз.

Яан - кәсіби каскадер, көптеген рекордтың иегері және әлемдегі ең ерекше шатқал-шыңдарды бағындырушы. Айта кету керек, түсірілім тобы, сақтандыру жүйелерін бекіту жөніндегі мамандар мен спортшы роликті түсіру үшін Бозжырада бес күн тұрды.

Жаңалықтар

Оқиға Алматының Наурызбай ауданында қоғамдық көлік аялдамаларының бірінде күндіз орын алған, деп хаб...

Жаңалықтар

Журналист Гүлмира Әбіқай «Елге көмек» қайырымдылық қоры туралы тың мәлімет жариялады, де...