Ақтаулық тұрғын таң атпай балалар ойнайтын алаңда намаз оқыған адамдарды қуып жіберді

Фото: видеодан скриншот

Жаңалықтар
295

Ақтауда әйел адам таң атпай балалар ойнайтын алаңда намаз оқыған жамағатты қуып шықты, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulysmedia.kzтілшісіне сілтеме жасап. 

Мен намазға қарсы емеспін. Намазды әркім өзі үшін оқиды.  Үйлеріңе барып оқыңдар, бұл жерде біз демаламыз, балалар ойнайды, кедергі келтіресіңдер, ертең әкімдікке шағымданамын, - деп айқайлайды қала тұрғыны.

Ал олар өз кезегінде әйелді сабырға шақырды. 

Мұны көрген желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі тұрғын үй ауласында намаз оқыған жігіттерді қолдаса, енді біреулері қарсы шықты.

«Таң намазын өткізіп алмайын деген шығар. Балалар ойнамайды ғой таңертең, не көрінді?», «Адамды демалдырмайсыңдар деп айтып отыр ғой. Айқайлап оқыған ғой», «Жер Алланыкі, қай жерде оқығысы келеді, өздері біледі», «Бұл жер қазақтыкі, Алланың жері Меккеде», «Намаз оқитын арнайы орындар бар ғой», - деп жазып жатыр олар. 

Спорт

Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов 67 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионатының жартылай финалына ш...

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...