Оралхан Бөкейдің «Ұйқым келмейді» шығармасы сахналанды

ТЕАТР
1465

ÖzgeEpic креатив хабында жазушы Оралхан Бөкей шығармасы желісімен «Ұйқым келмейді...» қойылымы сахналанды, деп хабарлайды madeniportal.kz. Режиссері – Олжас Арапбек.

Шығармашылығына үнемі жас­­тық тақырыбын арқау еткен Оралхан Бөкейдің туындысына жас ре­­жиссердің таңдауының түсуі таңсық емес. Өткен ғасырда жазылған «Ұйқым келмейді» та­қы­­­­ры­п­­тық өзек­тілік, маз­мұн­дық ау­­­қым­дылық тұрғысынан тіп­ті де ­ес­­кірмепті. Жазушы ада­ми құндылықтар мен жас­­тар бой­ын­дағы тәрбие мәсе­лесін баса айтса, жас режиссер ұтымды шешім тауып сахналады. 

Рөлдерде: Жеңісхан – Олжас Арапбек, Бақыт – Әсем Естелік.

«Ұйқым келмейді» – автордың тікелей өмірінен алынған. Оралхан Бөкейдің сыршыл туындысына романтикалық леп сыйлайтын спектакльді тамашалауға шақырамыз!

Жаңалықтар

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі алтын, күміс, қорғасын, мырыш және басқа да қатты пайдалы қазба қ...

Спорт

Қазақстандық Шавкат Рахмонов пен ирландиялық Иан Гэрри арасындағы айқасқа екі аптадан сәл-ақ астам у...