Қазақстанда зейнетақы мөлшері өсе ме: Еңбек министрлігі жауап берді

Фото: Gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
802

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай қазақстандықтардың зейнетақысын индекстеу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Вице-министрдің айтуынша, Қазақстандағы зейнетақы төлемдері елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес жыл сайын индекстеледі. Индекстеу кезінде болжамды инфляция деңгейі ескеріледі дейді.

“Зейнетақы төлемдері инфляцияның орташа болжамды деңгейіне негізделген әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес жыл сайын индекстеледі”, – деді Виктория Шегай.

Сонымен қатар ол кей жағдайларда зейнетақыны қосымша индекстеу туралы шешім қабылдануы мүмкін екенін айтты.

“Қосымша индекстеу тек белгілі бір кезеңдерде және мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылады. Қазір мұндай мәселе қаралып жатқан жоқ”, – деді вице-министр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...