Ақпараттық даму орталығы Қазақстанда жұмыс істейтін: Бүкіләлемдік банк, Азия даму банкі...
Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапхана
«Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапхана» республикалық мемлекеттік мекемесі 2004 жылдың 23 сәуір күні № 461 ҚР Үкіметінің Қаулысымен құрылды.
Бүгінде ҚР ҰАК – бұл Кітап пен Оқуды таңдап алған адамдардың баршасы үшін есігі ашық қазіргі заманғы ақпараттық мекеме. Оқырмандар билігінде ақпараттық және сервистік қызметтің толық жиынтығы бар: электронды каталог, Интернет пен қашықтықтағы деректер базасына қолжетімділік, виртуальды анықтамалық қызмет, құжаттарды электронды жеткізу, кітаптар, газет-журналдар, мультимедиялық басылымдардың бай топтамасы. ҚР ҰАК-ның қорында бір жарым миллионнан астам басылым бар. Оның оқу залдары бір мезгілде 500-ден астам оқырманды қабылдайды. Ал «Мәжіліс», «Сұхбат» және «Конституция» залдарында дәрістер, конференциялар, презентациялар, көрмелер және жұмыс кездесулер өткізу үшін толық жабдықталған жағдай жасалынған.
Кітапхананың www.nabrk.kz корпоративтік сайты бар. Сонымен қатар кітапхана «Қазақстандық ұлттық электрондық кітапхана – Электронды мемлекеттік кітапханалық қор» (ҚазҰЭК-ЭМКҚ) жобасын жүзеге асырудың базасы болып табылады www.kazneb.kz.
ҚР ҰАК-сы ҚР Кітапханалар ассоциациясы (ҚРКА), Еуразия Кітапханалар ассоциациясы (ЕКА), IFLA Кітапханалық ассоциациялар мен мекемелердің Халықаралық федерациясының мүшесі болып табылады.
Осы жылдарда Бас директор болғандар: Р.А. Бердіғалиева (2004-2009 жж.), Р.Қ. Отарбаев (2009-2010 жж.), Ж.К. Шаймұханбетова (2010-2012 жж.), Ә.А. Асқар (2012-2014жж.), 2014 жылдың маусым айынан бастап Бас директор - педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Білім саласының құрметті қызметкері Үмітхан Дәуренбекқызы Мұңалбаева.