Тамылжыған тамыздың таңынан тұрып, мал жайымен әуре болған ауыл қартына Астанадан қоңырау келді. Бақ...
Энни Эрно. Біз жазған кезде көп оқумыз керек...
Әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының иегері (2022) Энни Эрно, Нобель сыйлығының қызметкері Клэр Паеткаумен сұхбатында жастарға кеңес беріп, жазудағы адалдықтың маңызы туралы айтады. Айтуынша сыйлық жарияланған күні Эрнау ас үйде жалғыз өзі радио тыңдап отырған. Және бұл хабарды ол радио арқылы естіген...
ЭЭ: Сәлеметсіз бе, тыңдап тұрмын.
КП: Қайырлы күн яғни қайырлы кеш. Мен Энни Эрномен сөйлесіп тұрмын ба?
КП: Иә, менмін.
КП: Менің атым Клэр Паеткау. Бізде жыл сайын жаңа лауреаттармен телефон арқылы қысқаша сұхбат алу дәстүрі бар. Сөйлесе аласыз ба?
ЭЭ: Дәл қазір ме?
CP: Иә, дәл қазір!
ЭЭ: Иә, әрине. Әрине.
КП: Алдымен, сізді Нобель сыйлығыңызбен құттықтаймын! Меніңше сіз баспасөз мәслихатынан енді шықтыңыз?
ЭЭ:Иә.
КП:Қуанышыңызбен бөлісуге рұқсат етіңіз! Бұл сондай сарылып күткен күн болған шығар.
ЭЭ: Иә, жарты күн дейікші... өйткені мен бұл жайлы сағат түнгі бірде ғана білдім.
Баспасөз конференциясы өте жақсы өтті. Мен оларға сыйлықтың мен үшін алдымен үлкен мәртебе екенін жеткіздім. Және сол құрметке сай жауапкершілігі де аз емес. Бұл менің жазушылық қайраткерлігіме артқан үлкен үміт деп білем.
КП: Жаңалықты түнде ғана естідім дедіңіз. Шешім шыққанда қайда болдыңыз, құпия болмаса?
ЭЭ: Ас үйде болдым, онда радио бар. Кенет радио тыңдағым келді. Нобельді кім алды екен деген ой сап ете қалды. Сөйтсем, вуаля!
КП: Сіз!
ЭЭ: Иә, мен екенмін!
КП: Мұндай қуанышты жаңалықты тек радиодан есту керек!
ЭЭ: Иә, бұл өте таңқаларлық. Және мен сондай жалғыз болдым. Сізге қалай түсіндірсем екен. Сіз шөл далада, жалғыз өзіңіз келе жатасыз. Кенет аспаннаң бір дауыс естіледі... Селк ете қаларыңыз анық. Міне, менде де дәл сондай сезім болды.
КП: Тағы да сіз үшін қуаныштымын! Сіздің өмір жолыңыз қым- қиғаш. Шығармашылығыңызбен енді таныса бастаған жас оқырманға неден бастауды ұсынасыз?
ЭЭ.: Білесіз бе, менің кітаптарым бір-біріне мүлде ұқсамайды. Тақырыптар мен мазмұн тұрғысынан, кейде тіпті жазу тұрғысынан да. Сондықтан бұл біршама қиын. Мен жастарға да, жасы егде кісілерге де арнап кітап жаздым. Бірақ барлығын біріктіретін кітап «Жылдар» деп ойлаймын.
КП: Жарайды! Сіз жастарды атап өттіңіз. Жас қаламгерлерге, әсіресе өз тілінде жазып жүрген жас жазушыларға қандай кеңес берер едіңіз?
ЭЭ: Меніңше, біз жазған кезде көп оқумыз керек. Кейде жастар: «Жоқ, мен оқымаймын... жазамын!» – дейді. Жоқ. Бұл мүмкін емес. Сізге көп оқу керек. Ал екінші айтарым – жақсы жазуға емес, шынайы жазуға ұмтылу керек. Бұл екеуі екі түрлі нәрсе.
КП: Тамаша кеңес!
ЭЭ: Вуаля!
КП: Сөйлесуге уақыт бөлгеніңіз үшін көп рахмет, сізді желтоқсанда Стокгольмде көреміз деп үміттенеміз.
ЭЭ: Иә!
КП: Тағы да құттықтауымды қабыл алыңыз!
ЭЭ: Рақмет!
КП: Сау болыңыз.
ЭЭ: Сау болыңыз.
2022 жыл. 06 қазан
Ағылшын тілінен аударған: Жантас Еркінұлы