Роботтар фестивалі: қарағандылық оқушылар гран-при жеңіп алды

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
1135



Қазақстанда алғаш рет дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің оқушылары арасында роботтар фестивалі өтті. Қарағандылық оқушылар үздік атанды.

Жарыс Сүлейман Демирель атындағы университеттің базасында өтті. 44 команда қатысты – еліміздің әр өңірінен 200-ге жуық оқушы бақ сынасты. Қарағанды облысын бес команда таныстырды. Олардың барлығы үздіктердің қатарында болды.

«Роботтарды жобалау» санатындағы Гран-при иегері Н. Нұрмақов атындағы ММЛИ командасы болды. Жеңімпаздар Қазақстан ұлттық құрамасына қабылданып, халықаралық робот жасаушылар байқауына жолдама алды.

Аталмыш мектептің тағы бір командасы Инновациялық жобалар санатында бірінші орынды иеленді. ММЛИ оқушылары ақпараттық технологиялар бойынша бірінші және үшінші орын алды, ал «Мурагер» ММЛИ екінші орын иеленді.

Роботтар фестивалін «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен USTEM Robotics қоғамдық қоры ұйымдастырды. Жарыс FIRST халықаралық ережелері бойынша өткізілді.


turkystan.kz

Жаңалықтар

Семейде бір үйдің 16 және 18 жасар екі жасөспірім із-түзсіз кетті. Жоғалғандарды іздеуге Семей полиц...

Жаңалықтар

Медеу ауданының прокуратурасы «Медеу» табиғи паркінде заңсыз берілген жер телімдерін аны...