ӘКЕМТЕАТР ГАСТРОЛЬДІК САПАРМЕН АСТАНАҒА КЕЛДІ

ТЕАТР
2564

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Астана қаласының 20 жылдығына орай, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры «Алатаудан Сарыарқаға сәлем» атты гастрольдік сапармен Астана қаласына  келді.  Театр маусымның 15-21 аралығында елордамызда болады.

Гастрольдік сапар барысында өнер ұжымы елорда тұрғындарына Бейбітшілік және келісім сарайы, Астана «Жастар театрының» ғимаратында және Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрында өз өнерлерін көрсетеді.

Қойылымдар тізімі:

15 маусым, сағ. 19:00 – Бейбітшілік және келісім сарайы, Ғ. Мүсіреповтің «Қыз Жібек» музыкалық драмасы;

17 маусым, сағ.19:00 – Астана «Жастар театрының» ғимараты, И.Вовнянконың «Актерді өлтірген кім?» криминалдық драмасы;

18 маусым, сағ.19:00 – Астана «Жастар театрының» ғимараты, Д.Исабековтың «Жаужүрек» драмасы;

19 маусым, сағ.19:00 – Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрында А.Володиннің «Қоштасқым келмейді» драмасы;

21 маусым, сағ.19:00 – Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрында И.Сапарбайдың «Сыған серенадасы» мюзиклі.

 

Әкемтеатр ұжымы 6-10 маусым аралығында Қазақстанның халық әртісі Әнуар Боранбаевтың 70 жылдығына арналған Арқалық қаласында гастрольдік сапармен барған еді. Өнер ұжымы бұл күндері Әнуар Боранбаевтың туған жері Амангелді ауданының Мәдениет үйі мен Арқалық қалалық жасөспірімдер театрында көпшілікке таныс қойылымдарын қала тұрғындары мен қонақтарына тарту етті. 

Гастрольдік сапар барысында И.Сапарбайдың «Сыған серенедасы» мюзиклі, Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек» музыкалық драмасы, Т. Нұрмағанбетовтің «Қожанасыр тірі екен» комедиясы; «Қоштасқым келмейді» драмасы сахналанып, көпшіліктің қошеметіне ие болды. Маусымның 10 күні театр ұжымы өнер сапарын Арқалық қалалық жасөспірімдер театрында «Жүз жылдық махаббат» драмасымен қорытындылады. Арқалықтан асып Астанаға жеткен тетар әртістеріне сәттілік тілейміз!

 

Таңшоплан ТӨЛЕГЕН

 

 

author

Мұрат Әуезов

ҒАЛЫМ

Жаңалықтар

ForteBank бос жұмыс орнына түйіндіме жариялап, ол түйіндемеде қазақ тілін маңызды емес деп көрсетіп,...

Жаңалықтар

Теміртау қаласы маңында екі көлік соқтығысып, екі бала қаза тапты. 10 адам ауруханаға жеткізілді, де...