Азия чемпионаты. Бокс тікелей көрсетіледі

Жаңалықтар
514

Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионатында бүгін Қазақстан қыздары өнер көрсетеді.

48 келіге дейінгі салмақта Әнел Құдайберген өзбекстандық Фарзона Фозиловамен қолғап түйістіреді.

50 келіде Мөлдір Тойкова филиппиндік Мариэль Таландратамен айқасады.

Ал 52 келіде Жансая Рахымберді Вьетнам боксшысы Тхи Хой Нгуенмен жекпе-жекке шығады.

Қазақстан құрамасынан ринг төріне бүгін соңғы шығатын боксшымыз 57 келіде өнер көрсететін Виктория Графеева, қарсылас таиландтық Натничей Чонгпронгкланг.

Трансляция Астана уақытымен 13:00-де басталады.



Vesti.kz 

Жаңалықтар

Алматы қаласының қылмыстық істерді қарайтын мамандандырылған ауданаралық сотында атышулы іс бойынша...

Жаңалықтар

Бұған дейін хабарлағынымыздай, Алматыда екі оқушы қыз биік үйден құлап өлген еді. Марқұм балала...