Тікелей эфирде Бишімбаевқа қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Сотта Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенова...
National Digital History порталына - 5 жыл!
Бүгін Отан тарихы мен ел тарихын сүйер қауымның бірегей коммуникациялық платформасына айналған National Digital History порталына (e-history.kz) 5 жыл толып отыр.
National Digital History порталы - Қазақстанның өткен тарихы туралы нақты және толық ақпаратты беру, тарих саласындағы ғылыми зерттеулердің алдыңғы қатарлы жетістіктерін жедел ақпараттандыру үшін құрыла отырып, қазақ елінің мәдени, тарихи табыстарын әлемнің түпкір-түкпіріне сапалы контенттер арқылы таныту.
Портал осыдан 5 жыл бұрын, сол уақыттағы ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен 2013 жылдың 5 шілдесінде өткен мекемеаралық жұмыс тобының (МАЖЕТ) кеңейтілген отырысында қабылданған шешім негізінде құрылды.
2013 жылдың 25 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі базасында «Қазақстан тарихы» Интернет-жобасының тұсаукесер рәсімі өтті.
Порталдың басты ерекшелігі барлық жастағы оқырмандарға арналған. Мектеп оқушыларынан бастап, студенттер мен ғалымдардың ел тарихы жайлы жазған ғылыми жазбаларының электронды нұсқасын табуға болады.
Интернет-жоба өз оқырмандары үшін танымал тарихшылармен және қоғам қайраткерлерімен бейне сұхбаттар түсіріп, заманауи тұрғыда сирек кездесетін құжаттар мен фотоларды, инфографикаларды ұсынып, әлеуметтік және деректі фильмдер түсіруде.
Порталда Қазақстан тарихының бес кезеңінің үлкен электронды қоры жинақталған. Оқырман қауым мұндағы ақпараттарды онлайн түрде оқып, оқушылар мен студенттер реферат, курстық, дипломдық жұмыстарына ала алады. Әрбір оқырман ақпараттары оқи отырып, пікір, рецензия қалдыра алады.
Оқырмандарға үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қызмет көрсетеді. Қазіргі уақытта Порталда мыңнан аса кітап архивтік құжаты мен зерттеуші ғалымдардың мақалалары топтастырылған.
«National digital history – Қазақстан тарихы» – Ұлттық тарих пен мәдениетті интернет арқылы көпшілікке тарату үшін құрылған бірегей білім жобасы. Порталда «Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл», «Әлихан Бөкейхан 150 жыл», «Болашақ Қазақстан», «Ұлы Дала», «Фольклор», «Тарихшының бір күні», «Театр тарих әлемінде», «Ядролық қарусыз әлем – басты мақсатымыз», «Қиырдағы қазақтар», «Этнография энциклопедиясы» сынды арнайы жобалары шеңберінде белсенді түрде қызмет атқару үстінде.
Айта кетер жайт еліміздегі барлық салалық ғылыми-зерттеу орталықтары, музейлерден, мұрағаттардан және ЖОО Тарих, археология факульттерінен келіп түскен мақалалар портал бетінде жарық көріп, арнайы тарихшы-сарапшылар мәліметтерді сүзгіден өткізіп отырады.
2013 жылы «Ұлттық Award.kz интернет-сыйлығында» «Бала тәрбиесі, білім және ғылым» айдары бойынша үздік деп танылды. Бұның бәрі ашылғанына бір жыл енді ғана толып отырған портал үшін аз жетістік болмаса керек.
madeniportal.kz