Алматы облысында екі жігіт даладағы әжетханада қаза тапты

Сурет: ҚР ТЖМ "Республикалық жедел-құтқару жасағы" ММ

ЖАҢАЛЫҚТАР
1959

Алматы облысы Қарасай ауданы Іргелі ауылында екі жігіт даладағы әжетханаға құлап, улы газға тұншығып қайтыс болды, деп хабарлады madeniportal.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мәйіттерді шығарып, полицияға тапсырды.

Әлеуметтік желіде ер адамдардың бірі ұялы телефонын әжетханаға түсіріп алып, оны алып шығуға тырысқанын жазып жатыр. Ал екінші ер адам біріншісін құтқарғысы келген.

"Ешқашан ашық дәретханаға немесе шұңқырға түсіп кеткен бағалы заттарыңызды алуға өзіңіз түспеңіз. Бұл сондағы газдан улану және тұншығу қауіпіне байланысты өмірге қауіп төндіреді. Қажет болса, құтқару қызметіне хабарласыңыз", - деп ескертеді РЖҚЖ баспасөз қызметі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада Абылай хан даңғылындағы бес қабатты тұрғын үйде болған өрттен 11 жастағы бала көз жұмды, де...

MADENI TV

Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, КММ «МРЦ «Астана жаста...