Бұған дейін «Соқыр қорымы» аталып келген Қарағанды қаласы маңындағы қорым енді Жалаңтөс...
Былтыр 7 мыңнан астам тарихи құжат елге әкелінген
Өткен жылы тарихи құжаттарды түгендеу мақсатында мамандар шет елдерден Қазақстанға 7 мыңнан астам құжат әкелді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Асхат Оралов айтты.
«Ғылыми-реставрациялық жұмыстар мен археологиялық зерттеулердің үздіксіз жүргізілуінің арқасында музей қорлары тұрақты түрде жаңа экспонаттармен толығып келеді. Мысалы, былтырдың өзінде 18 археологиялық зерттеу жасалған, 30-ға жуық ескерткіш қайта жөнделді. Оған қоса, архившілер тарихи құжаттарды түгендеу мақсатымен өткен жылы елімізге 7 мыңнан астам құжатты шет елдерден әкелді. Ол құжаттарда арғы-бергі тарихымыздан сыр шертетін құнды деректер жеткілікті екені анық», - деп тоқталды Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.