Соңғы кездері Президент Тоқаевты Мемлекеттік тіл - қазақ тілінің жанашыры етіп көрсету дәрібі жүріп...
«Ақорда» сатылымға шықты
Астаналық тұрғын Аслан Оспанов Қазақстан Республикасы президентінің резиденциясы Ақорданың макетін жасап шықтқаны туралы еліміздегі біраз ақпарат қүралдары жарыса жазған еді.
Бұл күнде Ақорданың макетін жасағандар аз емес, алайда бұл жолғы макеттің ерекшелігі – Ақорда өзгеше стильмен 60 мыңнан астам жылтыраған әшекей тастармен жасалған. Макетке қарап күндізгі және түнгі Астананың көрінісін көре аламыз, әрі ішінен еліміздің гимні де шырқалып тұрады.
Ақорданы жасауға Асланның 1 жылдан астам уақыты кеткен екен. Бұдан бұрын жарнама агенттігінде жұмыс істеген жас сәулетші соңғы бес айын тек Ақорданың макетін жасауға арнайды. Сол үшін жұмысынан да шығып кеткен. Есесіне Асланның жары мен ата-анасы оған қаржылай да, психологиялық жағынан да қолдау білдіріп, көмек көрсетеді. Мектепті де, университет қабырғасын да Астана қаласында тәмамдаған Асланның мамандығы – сәулетші.
Астана Қазақстанның астанасы болғалы бас қаладағы құрылыс барысы Асланның көз алдында өткен. Қалаға ерекше әсемдік беретін көздің жауын алатын зәулім ғимараттар Асланның сәулетші боламын деген арманының тууына себеп болады.
Ол үшін жас Астанада бой көтерген аспанмен астасқан ғимараттардың бәрі әдемі болды. Алайда, көңіліне ерекше ұнағаны дизайнына аса қызыққан бір ғимарат – Ақорда резиденциясы. Жастайынан Ақорданың ерекше стильдегі, ерекше дизайндағы макетін жасасам деген арманы Асланның көкейінде қалып қойды.
Сөйтіп бір жыл бұрын арманына қол жеткізудегі алғашқы қадамын бастап та кетті. Ақорданың макетін жасау үшін Алматыдан 60 мыңнан астам әшекей тастар сатып алған.
Ұсақ тастармен үлкен макет жасап шығару үшін үлкен төзімділіктің керегі белгілі. 1 жыл бойы көз майын тамызып, бар жұмысын ысырып қойып жасаған еңбегінің сәтті шыққанын байқауға болады.
Асланның жары, қолдаушысы журналист Нұртілек Риянбек ерінің еңбегін жоғары бағалады:
«Екінің бірінің қолынан келмейді, төзімі де жетпейді. Ұйықтамай күні-түні еңбектенді. Еңбектенуге тұратын дүние деп ойлаймын. Ең басты тілегім – Елбасына тапсырсам деген арманы орындалса екен. Асланның еңбегі мен төзімділігімен мен де, ата-анасы да мақтанамыз», - деді Нұртілек ханым.
Бүгінде дизайнер сол көз майын тауысып жасаған дүниесін өнерді бағалайтын жандардың қолына тапсырғысы келеді. Яғни, «Ақорданы» сатылымға қойып отыр.
Елімізде осындай өнер туындысын бағалап, сатып алғысы келетін жандар болса макеттің ақ иесі – Асыланның өзіне хабарласуға болады екен.
Толық ақпарат үшін: 87057092737