“Ақтөбедегі жол апаты”: Аман қалғандардың жағдайы белгілі болды

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
584

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Ақтөбе облысында болған жол-көлік оқиғасының себептерін тергеп-тексеру жөніндегі Үкіметтік комиссия мүшелеріне тапсырмалар берді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

«Алты адам Ақтөбе облысы Хромтау аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Екі адамның жағдайы ауыр, төртеуінің жағдайы орташа. Қанат Бозымбаев Денсаулық сақтау министрлігіне санитарлық авиация арқылы тасымалдауға болатын зардап шеккендерді Астанаға жеткізіп, қажетті ем ұйымдастыруды тапсырды», - делінген Үкімет хабарламасында.

Айта кетейік, 23 қазан күні сағат 08:40-та республикалық маңызы бар «Самара – Шымкент» автожолының 927-шақырымында Өзбекстан азаматы басқарған «DAF» жүк көлігі Хромтаудан Қарабұтақ бағытына қарай шыққан кезде рөлге ие бола алмай, қарсы бағытта келе жатқан «Газель» жолаушылар көлігімен соқтығысты. Жол апаты салдарынан 2 автокөліктің жүргізушілері мен Ақтөбе облысының 10 тұрғыны (оның ішінде екі кәмелетке толмаған бала) оқиға орнында қаза тапты.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада көпқабатты үйдің қасбеті құлаған сәтте өзгелерге көмек көрсетуге ұмтылып жүріп ауыр жаралан...