Мәжілісмендер Денис Тенмен қоштасу рәсіміне қатысты

ЖАҢАЛЫҚТАР
2913

Мәжіліс депутаттары атақты қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенмен қоштасу рәсіміне қатысты. Бүгін Астана және Алматы қалаларында 19 шілде күні қайғылы түрде қаза тапқан атақты қазақстандық спортшымен қоштасу рәсімі өтті. Денис Тен - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. 2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. 2017 жылғы қысқы Универсиада, VII қысқы Азия ойындарының чемпионы. Мәнерлеп сырғанаудан 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2015 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2015 жылы төрт құрлықтың чемпионатының жеңімпазы.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Филиппиннің Исабела провинциясында жарылыстан төрт адам, оның ішінде үш бала қаза тапқан. Тағы төрт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде тәрбиешінің балаларға күш қолданғаны түсірілген видео тарады. Белгіл...