Ғайникамал БАЙҚОШҚАРОВА, актриса,ҚР Еңбек сіңірген қайраткері– Сізді театр сахнасынан, эк...
Аманжол Әлтай. Үйір-үйірімен берілетін атақ Сейілге келгенде сарқылып қалды
Алашты әнмен тербетіп, аңқылдаған ақжүрек болмысымен Сейіл досым да алланың алдына қайтыпты. Екеуміз төл құрдас едік, ерекше әдемі сыйластықта болдық. Толғасақ ойымыз, сөйлессек сөзіміз сарқылмайтын еді.
Бүгінгі пейілі кірлеген қоғамда Сейіл досым әппақ тазалығын сақтап өмір сүрді, алтын туы жығылмады. Үлкеннің де, кішінің де алдында ізетін сақтап, мамырдың майда лебіндей аңқылдап жүретін еді. Оның бар байлығы Жақсыбек досым алып берген күрең гитара ғана болатын. Дүние байлығын жинамаса да рухани қазынасы кемел еді. Сейілдің қоржынындағы ән - қазынасы талай әншіге азық та болды. Жаңа ғана Жанарбек інім «Сейіл кетті дегенше, пейіл кетті десеңші» деп жазыпты. Расында да пейілі даладай, көңілі баладай асыл құрдасым еді.
Жаңа жылдың алдында ғана Сейілге ең болмағанда «Мәдениет саласының үздігі» атағын алуға септігім тисін деп біраз жүгірдім. Әуелі Қарағандының мәдениет басқармасы құжаттарын дұрыс жібермей, оның орнына басқа біреулерді ұсынып біраз жүйкені тоздырды. Әупірімдеп Талғат Ыдырысов ағамның оң пейілімен құжаттары енді келгенде Вице-министр Нұрғиса Дәуешов бауырым қырық құбылып әуелгі берген уәдесінде тұрмады, қолынан келмеді. Әншейінде үйір-үйірімен беріліп жататын атақ Сейілге келгенде сарқылып қалды.
Енді Сейілге ештеңе де керек емес, атақтарыңды үлестіре беріңдер…
Тек алладан иман байлығын тілейміз!
Алла алдыңнан жарылқасын, АСЫЛ ДОС!