Димаш Құдайберген Үндістандағы кинофестивальға қатысып жатыр

Жаңалықтар
397

Әлемдік деңгейдегі әнші Димаш Құдайберген Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдер кинофестиваліне қатысу үшін Үндістанға сапармен барды.

Аталған кинофестиваль Мумбаи қаласында 27 қаңтарда басталып, 31 қаңтарға дейін жалғасады. Бұл іс-шараға Өзбекстан, Түркия, Қазақстан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Үндістан, Қытай, Ресей, Әзербайжан, Мьянма, Армения, Шри-Ланка елдерінің өкілдері қатысып жатыр.

Таратылған мәліметке қарағанда, кинофестиваль барысында ШЫҰ елдерінен 57 фильм ұсынылады. Димаш Құдайберген онда Қазақстан атынан қазылар алқасының құрамында болады.

Кинофестивальдің ашылуы рәсімінде танымал қазақстандық әншінің өнерін барша әлем елдері жоғары бағалап отырғаны айтылды.

ҚазАқпарат

Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...