Ұлытау облыстық филармониясының директоры тағайындалды

Жаңалықтар
1004

Бағдат Байжантаев

Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Т. Қалмағанбетов атындағы филормониясының директоры болып Бағдат Тілеуліұлы Байжантаев тағайындалды.

Бағдат Байжантаев 1973 жылы туған. Жезқазған педагогикалық институтын 1995 жылы қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1995 жылы Ұлытау ауданы Амангелді ауылының мектебінде мұғалім болып бастаған ол әр жылдары Жезқазған облыстық жастар ісі, спорт және туризм басқармасында жетекші нұсқаушы, Қарағанды облыстық мемлекеттік архиві Жезқазған филиалының қор сақтау, мемлекеттік есеп және ҒАА ҰМҚ бөлімінің меңгерушісі, Жезқазған қаласы мемлекеттік архиві директорының орынбасары, директоры, Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

Осы тағайындауға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық архиві директорының кеңесшісі болған.

Жаңалықтар

Танымал бизнес-тренер Аманжол Рысмендиевке алдандық деген бір топ адам құзырлы органдардан көмек сұр...

Жаңалықтар

Қазақстан сөз бостандығы рейтингінде Африка елдерінен төмен. «Ш...