Павлодарда зағип жандарға арналған қайырымдылық балында 50 миллион теңгеден астам қаражат жиналдыПав...
Әйел зорлады деп айыпталған хоккейші қазақстандық клубта өнер көрсетеді
Фото: hcbarys.kz
Сексуалдық зорлық-зомбылық жасады деп айыпталған канадалық хоккейші Майкл Маклеод астаналық "Барыс" хоккей командасымен бір маусымдық келісімшартқа отырды, деп хабарлады madeniportal.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
"Барыс” хоккей командасының баспасөз қызметінің мәліметінше, бұрын Нью-Джерси Девилс клубының құрамында ҰХЛ-да ойнаған 26 жастағы Маклеодпен келісімшартқа отырған.
Келісім 2025 жылдың 31 мамырына дейін жасалған.
26 жастағы шабуылшы Ұлттық хоккей лигасында 300-ге жуық матч өткізді. Өткен маусымда "Барыс" ҚХЛ Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде соңғы, 12-орынға ие болып, плей-офф кезеңіне өте алмады. Астаналық клуб 68 матчта 50 ұпай жинап, соққан голдары бойынша (137) лигадағы ең нашар екінші командаға айналды, Мәскеу түбіндегі "Витязьді" ғана (133) басып озды.
Майкл 2018 жылы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатынан кейін Лондон қонақүйінде әйелді зорлады деп айыпталған Канаданың жасөспірімдер хоккей командасының бұрынғы бес мүшесінің бірі.