Бүгін Астанада ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан Бүкіләлемдік көшпенділер...
Головкинге мүлде күтпеген ұсыныс айтылды
World Boxing News порталының рекдакторы Фил Джей қазақстандық Геннадий Головкиннің (42-2-1, 37 КО) орта салмақтағы статусына баға берді.
Головкин орта дивизионда IBF белбеуін босатып, міндетті қарсылас Эскива Фалькаомен жұдырықтасудан бас тартты. Енді қазақстандықты WBA ұйымы кубалық Эрисланди Лараға (29-3-3, 17 КО) қарсы чемпиондығын қорғауға міндеттеп отыр.
«Головкин орта салмақта жалғыз супержұлдыз болып қалды. Бес жыл бұрын «Канело», Сондерс, Джейкобс және Плант бар кезде тартыс қандай еді. Қазір бұл және өзге де бірқатар мықты жігіттер басқа салмаққа өтіп кетті. Головкин дивизионда жалғыз қалды. Чарломен жекпе-жекті ұйымдастырып бермейді, Мунгия тұрақсыз. Қалғандарының супер жекпе-жек үшін аты шықпаған. Егер ол алдағы бір-екі айқаста табыс көргісі келсе, басқа салмаққа өткені дұрыс. Мүмкін өзін Бивол немесе басқа ауыр салмақ боксшыларына қарсы сынап көру керек шығар. Бұл қызықты көрініс болады. Мол табысқа да кенеледі. Лара мен Фалькао бірге де мұнша кіріс бермейді», – дейді Джей.