Түркістан облысының Түлкібас ауданында халықаралық деңгейдегі әдеби басқосу өтті, деп хабарлайды &qu...
Жазушының жаңа кітаптары жарық көрді
Жазушы, зерттеуші Нұрхалық Абдырақынның «Жан тыныштығы» атты әңгімелер жинағы мен «Елді ұстап тұратын төрт топ» атты эсселер мен ойтолғам кітаптары жарық көрді. Аталған кітаптарды «Дарын баспасы» шығарды.
Жан тыныштығы
Бұл кітап – бүгінгі өмірдің өзі. Қаламгердің жаңаша стильде жазған әңгімелері оқырманды бей-жай қалдырмасы анық, философиялық түйіндерге негізделген осы жинақта автор адамның ішкі рух әлеміне сүңгиді, шығармалардың сюжеті тартымды тілмен, кестелі оймен әдемі өрнектелген.
Рухани құндылықтардың биік шыңын бағындырған қожа Ахмет Иссауи және Абылай хан пірі Жалаңаяқ әздер, Бейбарыс сұлтан, Берке хан, Әмір Темір, Құнанбай қажы сынды үлкен тұғалармен бірге ит тірлікте ырылдасып, дүние қызығына батқан кейіпкерлер де қатар суреттеледі. Әдебиет арқылы адам өмірінің мәнін іздейді.
Бақыт деген не?
Мұның жауабын жазушы қаламының жемісінен табасыз. Кітаптың тілі шұрайлы, ойы орамды, айтары анық, оқуға жеңіл.
Елді ұстап тұратын төрт топ
Бұл кітап ойлардың терең иірімдерінен туған дүние. Сіз күнделікті өмірдің күйбеңімен ескере бермеген көп нәрселерге басқаша қарап, тың ойлар береді, философиялық түйіндерімен бірге, өмірдің әдемі, эссесін шертеді, жеңіл тілмен, кестелі оймен әдемі өрнектеген.
Өмір деген не? Өмір несімен қызық, несімен мәнді? Көкейіңіздегі көп сұрақтың жауабын білгіңіз келсе, кітапты оқыңыз. Тілі шұрайлы, ойы орамды, айтары анық, оқуға жеңіл.
Кітап жалпы оқырман қауымға арналған.