Дархан Қыдырәлі Әзербайжанның Сыртқы істер министрімен кездесті

Жаңалықтар
469

Дархан Қыдырәлі Әзербайжан Республикасының Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен кездесті. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Джейхун Байрамов екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жоғары екенін атап өтіп, қарым-қатынас халықаралық ұйымдар аясында да қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды.

Өзіңіз білетіндей, Әзербайжан – Қазақстанның негізгі стратегиялық серіктестерінің бірі. Біздің елдеріміз арасындағы қарым-қатынас сенімді және достық сипатқа ие. Әзербайжан Республикасымен саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және басқа салалардағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту біздің сыртқы саясатымыздың маңызды басымдықтарының бірі саналады. Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың өткен жылы Әзербайжанға жасаған ресми сапары соның айқын мысалы, - деді Дархан Қыдырәлі.

Өз кезегінде Дархан Қыдырәлі Әзербайжан халқына жылы қабылдағаны үшін алғыс білдірді. 

Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...