Қамшының сабындай қысқа ғұмырдағы ең қымбат нәрсе – уақыт. Адам баласы белгілі бір уақытта жар...
«ҚАЗАҚКОНЦЕРТ» – Ақтөбеде
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың моноқалаларды дамыту тапсырмасына сәйкес, 2022 жылы «Қазақконцерт» ұжымы гастрольдік іс-сапармен жаңа облыстар Абай, Ұлытау, Жетісудың және Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл облыстарының елді-мекендерін аралап, өңір тұрғындарына арнайы концерт беріп қайтқан болатын.
«ЕЛ БІРЛІГІ – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» жобасы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен кезең-кезеңмен 2022-2025 жылдар аралығында іске асырылады.
Жобаның мақсаты – өңір тұрғындары үшін мәдени құндылықтардың қолжетімділігін қамтамасыз ету, өнер қайраткерлеріне қолдау көрсету және ұлттық өнерді дәріптеу. Жоспарға сай, ұйымның танымал әртістері мен шығармашылық ұжымдары аймақ көрермендеріне әр түрлі бағыттағы концерттік бағдарламаларды ұсынады. Атап айтатын болсақ, Хромтау қаласы мен Қобда, Қарғалы, Мәртөк, Мұғалжар аудандарының орталықтарында болып, халыққа өз өнерлерін паш етеді.
«Ел бірлігі – Жаңа Қазақстан» жобасы Маңғыстау, Атырау өңірлерінен бастау алып, Батыс Қазақстан және Ақтөбе өңірлерінде жалғасады. Жалпы алғанда бұл жоба бойынша 28 аудан, 29 моноқала, 20 облыс орталығының тұрғындары қамтылатын болады.
Іс-шараға Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Айгүл Елшібаева, Медет Салықов, Клара Төленбаева, Салтанат Ахметова, халықаралық байқаулардың лауреаттары Ернар Садырбай (Amre), Салтанат Меңдіғалиева және «Астана Сазы» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі қатысады. Сондай-ақ, «ТURAN» фольклорлы-этнографиялық ансамблі құрылғанына 15 жыл толуына орай арнайы мерекелік концерт ұсынады.
БАҚ ақпарат үшін:
эл.адрес: infoqazaqconcert@gmail.com;
т.: + 7 705 572 72 66 (Әсем), + 7 778 210 61 12 (Нұргүл)