Бүгінгі таңда қазақ тілінің дамуына не кедергі болып отыр? Қазақ тілі қалай алға басса да аяғына тұс...
Ғарыштан қазақ тілінде құттықтау келді
Қостанай өңірінде туып-өскен ғарышкер, қазір «Роскосмоста» еңбек ететін Дмитрий Петелин Жер маңы орбитасынан видео жолдап, қазақстандықтарды қазақ және орыс тілдерінде құттықтады. Видео kostanaynews Telegram-каналында жарияланды.
«Құрметті қазақстандықтар, әсіресе қостанайлықтар, жерлестер! Мереке құтты болсын! Өздеріңізді сақтаңыздар! Мен ғарыштан Жерге қарауға мүмкіндік алдым және сіздерге келесіні айтқым келеді: бір-біріңізге ренжімеңіз, бекерге ашуланбаңыз. Біздің Планетамыз үлкен және өте әдемі. Орбитадан мұндай әдемі жерде қиындықтар болуы мүмкін емес сияқты. Бүгін үлкен және жақсы мереке. Сізге бақыт тілеймін. Қиындықтарға жоғарыдан қараңыз. Күннің батуы мен таңның атуын қуана қарсы алыңыз. Әр күннен ләзат алыңыз. Және мынаны біліңіз – өмір тамаша! Наурыз мейрамы құтты болсын!», - деп қазақ тілінде құттықтау жолдады ғарышкер.