Амангелді Имановтың туғанына 150 жыл: Ұлттық музейде конференция өтеді

МУЗЕЙ
3495

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Батырдың биік тұлғасы: тарихы, зерттелуі, ақиқаты» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Конференция аясында 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі Амангелді Имановтың туғанына 150 жыл толуына орай Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорынан «Халық батыры» атты көрменің салтанатты ашылуы болады.


1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысқа қатысушыларды еске алу - елдің тарихи дамуының кез келген кезеңіндегі маңызды үрдіс. Ел тарихын әйгілі тұлғалар арқылы зерделеу халық тағдырындағы аса маңызды өзгеріс болып танылатын: аумақтар үшін күрес, сыртқы жауға қарсы тұру, мемлекеттің бостандығы мен тәуелсіздігін қорғау, маңызды саяси және мәдени жетістіктермен байланысты. Осындай тұлғалар қатарында 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің басшыларының бірі, патша әскеріне қарсы күрестің белсенді қатысушысы Амангелді Иманов бар.

Амангелді Имановтың өмір жолы Қостанай облысының тарихымен тығыз байланысты. 1910 жылы Амангелдінің руы өмір сүрген Терісбұтақ ауылында оның бастамасымен мектеп салынды. 1913 жылдан Амангелді «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетін жаздырып алып отырды. Амангелді Иманов көтеріліске дейін қазақ даласында халықтың азаттығы үшін күрескер, отарлық тәртіпке қарсы адам ретінде танылған. 

Көрмеде тыл жұмыстарына шақыру туралы патша жарлығының жариялануына байланысты архив құжаттарының көшірмелері мен фотосуреттер, Амангелді Имановтың домбырасы, А.Имановтың туыстарының жеке заттары, сарбаздардың қару-жарақтары және Қазақстанның халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің, бейнелеу өнерінің шеберлері Баки Урманче, Нағымбек Нұрмұхамедовтің кескіндеме туындылары, Қазақстанның халық суретшісі, мүсінші Хакімжан Наурызбаевтың және Украинаның халық суретшісі Ефим Белостоцкийдің мүсіндік туындылары қойылады. 

Көрме Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде 2023 жылғы 03 сәуірден 03 мамырға дейін жұмыс істейді. 

Өтетін уақыты: 2023 жылғы 3 сәуірде сағат 10.00-де.

БАҚ өкілдерінің аккредитациядан өтуі:

БАҚ өкілінің аты-жөні

(жеке куәлігінің №, ЖСН, берген мекеменің атауы және берілген күні, айы, жылы);

Түсірілім барысында қолданылатын техника жөнінде маркасы

көрсетілген (камера, фотоаппарат) мәліметті тізім бойынша 

nmrk.muzei@mail.ru поштасына жіберу қажет.

Аккредитациядан өту уақыты:

2 сәуір күні сағат 18:00-ге дейін.

Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...