«Т. Жүргеновтің өмірі мен қызметі» деректі фильмі көрерменге ұсынылады

РУХАНИЯТ
803

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Т. Жүргенов және қазақ руханияты» атты дөңгелек үстел және журналист Майя Бекбаеваның «Т. Жүргеновтің өмірі мен қызметі» деректі фильмінің тұсаукесері өтеді. 

Шараның мақсаты – Т.Жүргеновтің тарихи тұлғасы мен қайраткерлік қарымын танытып, тағылымға толы өнегелі ғұмырын кейінгі ұрпаққа кеңінен насихаттау.

Аталған шара мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ руханиятының дамуына зор үлес қосқан ұлтжанды тұлға Темірбек Қараұлы Жүргеновтің 125 жылдығы аясында өткізіледі. 2022 жылы Түркияның Бурса қаласында халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымына мүше елдердің мәдениет министрлерінің кезектен тыс 39 жиыны өтіп, онда 2023 жылды түркі әлемінде «Темірбек Жүргенов жылы» деп жариялау туралы шешім қабылданған болатын. 

Темірбек Жүргеновтің есімі тек қазақ халқына емес, бүкіл түркі жұртшылығына мәлім. Ол мәдениетіміздің дамуына зор үлес қосқан, қазақ өнерінің қанат жаюына қыруар еңбек сіңірген тұлға. Мәдени мұраны келешек ұрпаққа сақтау, туған жерін өркениетті заманауи мемлекетке айналдыру ісінде оның туған халқына жасаған қызметі өлшеусіз. 

Дөңгелек үстел жұмысына жүргеновтанушы ғалымдар Бауыржан Иманғалиев, Алмажан Өтеғалиева, Айгүл Садықова, тарихшы ғалымдар Марат Әбсемет, Арайлым Мұсағалиева, Мемлекет тарихы институтының ғылыми қызметкері Құндызай Ерімбетова, жазушы Айгүл Кемелбаева, Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушысы, күйші Жанғали Жүзбай, Оралбек Сарыбасов және белгілі тележурналист Майя Бекбаева қатысып, өздерінің ғылыми ой-пікірлерін талқыға салады.

Сонымен бірге журналист Майя Бекбаеваның басшылығымен түсірілген «Т.Жүргеновтың өмірі мен қызметі» туралы деректі фильмнен 20 минут көлемде үзінді көрсетіледі.

2023 жылдың 7 сәуір күні сағат 15:00-де

БАҚ өкілдерінің аккредитациядан өтуі:

БАҚ өкілінің аты-жөні

(жеке куәлігінің №, ЖСН, берген мекеменің атауы және берілген күні, айы, жылы);

Түсірілім барысында қолданылатын техника жөнінде маркасы

көрсетілген (камера, фотоаппарат) мәліметті тізім бойынша 

nmrk.muzei@mail.ru поштасына жіберу қажет.

Аккредитациядан өту уақыты:

Жаңалықтар

Семейде бір үйдің 16 және 18 жасар екі жасөспірім із-түзсіз кетті. Жоғалғандарды іздеуге Семей полиц...

Жаңалықтар

Медеу ауданының прокуратурасы «Медеу» табиғи паркінде заңсыз берілген жер телімдерін аны...