Айшолпан Президентпен кездесті

РУХАНИЯТ
3991

Бүгін қазақты әлемге танытқан бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Моңғолияға шақырды.

«Нұр әлем» көрме кешенінде Елбасының қатысуымен өтіп жатқан Жастар жылының ашылу рәсімінде бүркітші қыз Айшолпан сөз сөйледі. Ол құсбегілік өнерде жеткен жетістіктерімен бөлісіп, бүгінгі маңызды шараға қатысқанына қуанышты екенін айтты.

«Алтайдағы аз қазақтың аманаты бар еді. Сізді бай өлкеге қонақ болуға шақырамыз. Ақ дастарханнан дәм татып кетсеңіз, алыстағы ағайынның рухы бір жасап қалар», - деді Айшолпан Нұрғайыпқызы.

Атап өтсек, моңғолиялық қандасымыз қазір елордалық мектепте білім алып жатыр. Бұған дейін құсбегілік өнерін әлемге танытқан бүркітші қызбен сұхбаттасып, Елбасымен кездесу алдындағы көңіл-күйін сұрастырған едік.

Бүгін «Нұр әлем» көрме кешенінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Жастар жылы салтанатты түрде ашылды.

Жас кәсіпкер Расул Абдуллаев елімізді ребрендинг жасайтын ұйым құруды ұсынды.

«Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атаумен өтіп жатқан салтанатты шараға бас қосқан белсенді жастардың бірі Тамила Розметова Астанада алма бағын отырғызатынын айтты.


Қымбат Елтайқызы

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...