Бұқар жыраудың 355 жылдығына орай «Алаш аманаты» атты көрме өтеді

КІТАПХАНА
1236

Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің жеке заттары, Абай Құнанбайұлының 1909 жылы Санк-Петербургте басылып шыққан тұңғыш кітабы, Ахмет Байтұрсынұлы арап әрпімен жарық көрген «Маса» және «Қырық мысал» жинақтары, Н.Төреқұлов «Темір қазық» (журналы 1923 жыл, Мәскеу қ), «Жас қазақ» (1923 жыл, Орынбор қаласы), Қ.Кемеңгеров «Қазақ тарихынан» (1923 жыл), күрескер ақын Мәди Бәпиұлының құраны көрмеге тұңғыш рет қойылады.

Өтетін мерзімі: 2023 жылдың 13 сәуір сағат 11.00 -де

Өтетін жері: Астана қаласы, Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы.

Ұйымдастырушы: Павлодар облыстық Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі.

Ертіс-Баян өңірі - өнерге де, мәдениетке де бай өлке. Соңғы жылдары облыс аумағынан Алаш ардақтыларына қатысты тың деректер, қолжазбалар, көне кітаптар үсті-үстіне табылып жатыр. Тұлғалардың шығармашылық өмірінен сыр шертетін көптеген құнды жәдігерлер бүгінде Павлодар облыстық Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің қорына алынып, аймақ халқының рухани және мәдени олжасына айналып үлгерді.

Кезіндегі Алаш өкіметінің құрылуына, ұлт руханиятының қайта өрлеуіне атсалысқан қаншама ардақтыларымыздың Ертістің Павлодар жерінде ізі қалды. 

Сондай-ақ биылғы жылғы мерей той иелерінің жеке заттары мен қолжазбалары да көрмеден орын алады.

Ақпарат алу үшін байланыс нөмірі: 

Қайыров Ербол Мәтіұлы, музей басшысы 8 705 132 1515

Жаңалықтар

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі алтын, күміс, қорғасын, мырыш және басқа да қатты пайдалы қазба қ...

Спорт

Қазақстандық Шавкат Рахмонов пен ирландиялық Иан Гэрри арасындағы айқасқа екі аптадан сәл-ақ астам у...