«KitapTime – 2023» ІІ жалпы республикалық кітап фестивалі өтеді

КІТАПХАНА
1069

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасыныңұйымдастыруымен 15 қыркүйек күні, сағ. 12.00 - 22.00 аралығында «KitapTime – 2023» ІІ жалпы республикалық кітап фестивалі өтеді.

Фестивальдің мақсаты – кітап оқуды кеңінен насихаттау, интеллектуалды жастарды ынталандыру, мәдени құндылықтарымызды халыққа жеткізу. 

Фестиваль аясында күндізгі уақытта  түрлі баспалардың қатысуымен көрме-жәрмеңке,  «Art-vision» қолөнер шеберлері мен суретшілердің павильоны, bookcrossing, photo zone, балалар шығармашылығына арналған алаңда ертегілер қойылымы, шеберлік сағаттары, интерактивті, ұлттық ойындар, балалар әдебиетінің кейіпкерлер шеруі, флешмоб өтеді. 

 

Кешкілік фестивальға жиналғандар «Reader» - жұлдыздардың қатысуымен кітапханаға жазылу акциясына,  «Кітапханалық түн» мәдени шарасына қатысады. «Кітапханалық түн» бағдарламасында бизнес-коучинг, «Musikal party» классикалық музыка кеші, «Quiz» интеллектуалдық алаңы, поэзия кеші,  Астананың түнгі аспанын телескоппен тамашалау, түнгі караоке, АНТИКАФЕ «Book & Сoffee» сынды түрліқызықты мәдени, рухани  шаралар ұйымдастырылады.

Фестивальға қоғам және мемлекет қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, елімізге танымал өнер жұлдыздары, жас қаламгерлер, блогерлер, БАҚ-өкілдері, ұстаздар, балалар, кітапханашылар және оқырмандар менЕлорда қонақтары қатысады деп күтілуде.

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы

Байланыс ақпараттары: 

Астана қаласы, Достық көшесі, 11.

e-mail: uak_2022@mail.ru 

тел: 87027639151

Жаңалықтар

Алматыда ер адам анасын аяусыз ұрып-соққан үшін қамалды, деп хабарлайды madeniportal.kz. Қарияның а...

Жаңалықтар

Түркістан облысында «Шымкент-Самара» автожолында оқушылар мінген газель отқа оранды, деп...