Маржан ЕршуБүгін 15 сәуір «Ғашықтар күні. Бұл күнді «Ғашықтар күні» тіпті Ақындар...
Мүшайра: «Рәміздер – елдігімнің айғағы»
Тәуелсіздігіміздің тұмарындай болған Мемлекеттік рәміздерге деген жас ұрпақтың танымын тереңдетіп, патриоттық сезімін жетілдіру үшін, жастардың шығармашылығына қолдау білдіру үшін алда келе жатқан Қазақстан Республикасының рәміздер күніне орай «Рәміздер – елдігімнің айғағы» атты мүшайра жарияланды.
Мүшайра «Қазақстан адам ресурстары» жеке мекемесі, ЧУ «Human resources Kazakhstan» ұйымының ұйымдастырып, демеушілік жасауымен, Аламаты қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен Алматы қаласында өтеді.
Мүшәйра шарттары:
1.Мемлекеттік рәміздерге арналған бір өлең және еркін тақырыпта бір өлең жолдайды; ( екі өлең де ашқандай жерде жарияланбаған болуы керек)
2. Жас шектемесі 18-35 жас аралығында;
3. Мүшәйраға шығарма қабылдау 2023 жылдың 25 мамырда, 12:00 де аяқталады. Мерзімінен кейін келген шығармалар қабылданбайды.
4. Қатысушылар шығармаларымен қоса, жеке куәлігінің көшірмесін, қысқаша өмірбаянын 3х4 түрлі түсті суретін, тұрғылықты мекен-жайын, телефон нөмірін көрсетуі керек.
Рәміздер күні қарсаңында жүлдегерлер марапатталады. Марапатталатын уақыт қосымша хабарланады.
Үздік шығармаларды қазылар алқасы анықтайды. Жеңімпаздарды анықтау үшін, ұйымдастырушы тараптың өкілдері, танымал ақындар қатысады.
Мүшәйраның жүлде қоры: 1 миллион 350 мың теңге.
1. Бас бәйге біреу, 400 мың теңге;
2. Бірінші орын біреу, 300 мың теңге;
3. Екінші орын екеу, 150 мың теңге;
4. Үшінші орын екеу, 100 мың теңге;
5. Ынталандыру үшеу, 50 мың теңге.
Үйлестіруші: Мұратхан Шоқан
Шығармаларды төмендегі электронды поштаға жіберіңіздер: m.shokan@mail.ru
Байланыс телефоны: +77756969333