Зәуре Смағұлованың «Азия – алтын бесігім» көрмесі өтеді

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ
2795

2023 жылғы 19 мамырда сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде суретші Зәуре Смағұлованың «Азия – алтын бесігім» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді. 


Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Зәуре Смағұлованың жиырмадан астам туындысы: гобелендер, сәндік картиналар, абстрактілі композициялар, натюрморттар мен пейзаждар ұсынылған. Әр түрлі жанрларда орындалған туындылар автордың ерекше қайталанбас және жарқын көркемдік стилін көрсетеді.

Қолмен күрделі тоқу техникасымен жоғары шеберлікпен тоқылған гобелендердің тақырыптарыда алуан түрлі. Суретші шығармашылығында: шеңбер, спираль, айқыш, тіршілік ағашы сияқты ежелгі архетиптердің стилизациясын шебер қолдана отырып, өзінің көшпенділер үшін «Жерұйық» болып табылатын Ұлы Даланың мәдени дәстүрлеріне деген адал сезімін білдіреді. «Дала патшайымы» (2007), «Құдайлардың күйреуі» (1999), «Қалыңдық» (2021) атты гобелендердің көркемдік мәнмәтініндегі стильдендірілген символдық белгілер мен ою-өрнек элементтері дәстүр сабақтастығы мен ұрпақтар байланысын көрсетеді.

Суретші заманауи стильде бірегей туындылар жасайды. Бұл туындылардан табиғаттың сұлу келбетін, кешкі қаланың көріністерін көруге болады, театр өмірінің мерекелік атмосферасын сезінуге болады. Түрлі-түсті және қаныққан түстер шығармаларды эмоционалды тұрғыдан қабылдау әсерін күшейтеді. Гобелендер: «Жылтылдаған жұлдыздар» (2020), «Қала шамдары» (2021), «Шілде шуағы» (2020). «Ақ және қара» (2005) гобеленінің абстрактілі композициясы көркем түйіндеудің барынша ықшамдалған тілімен және кереғар түстермен ерекшеленеді. Адамның билеп тұрған бейнесіне ұқсаған ырғақты иілген сызықтар ақшыл сары және бозғылт фонда айқын көрінеді. 

Көрмеде, сонымен қатар, Зәуре Смағұлованың көгілдір, көк, көгілдір ақық, күміс-сұр реңктер мен бояулар үйлесімімен монохромды түстер гаммасында орындалған сәндік картиналары ұсынылған. Шығыс әсемдігі мен ою-өрнегіне толы кенептерде символдық кейіпкерлер, қоршаған табиғат, құмыралар, вазалар және басқа аксессуарлар бейнеленген. Қозғалысы мен дене иірімдерінің мәнерлі пластикасымен ерекшеленетін әйелдердің бейнелері әсіресе тартымды. Бұл «Венера» (2023), «Нәзіктік» (2023), «Шабыт» (2023) атты туындылары.

Көрме көрермендерді Зәуре Смағұлованың өзіне қатысты алуан түрлі әлемін, өзінің жарқын әсерлері мен жаңа шығармашылық жаңалықтарын бейнелейтін ерекше туындыларымен таныстырады. 

Зәуре Смағұлова 1976 жылы Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында дүниеге келген. 1987 жылы Шымкент көркемсурет училищесін тәмамдаған. Оқуды бітіргеннен кейін Тараз қаласындағы Абай атындағы Қазақ драма театрында жұмыс істеді. 1998 жылы Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын бітірген. Оның ұстаздары – Қазақстан өнерінің белгілі шеберлері: Р.С. Садығұлов, А.К. Ермекбаева, Р.Е. Базарбаева.

1999 жылдан бастап 2011 жылға дейін Зауре Мәскеуде тұрып, жұмыс істеді, онда 18 беделді көрмеге қатысты. 2011 жылы оның Минскідегі Беларусь Республикасының Ұлттық мұражайында жеке көрмесі өтті. 

Экспозиция 2023 жылдың 16 маусымына дейін жалғасады.

Көрме жетекшісі – Нурфеизова Нұржамал, Әбілхан Қастеев атындағы ҚР МӨМ «Сәндік-қолданбалы өнер» бөлімінің ғылыми қызметкері

Жаңалықтар

Талдықорғанда із-түзсіз жоғалып кеткен ер адам бір күннен кейін өртенген көліктің ішінен өлі табылға...

Жаңалықтар

Қазақстандық 18 жастағы азамат “Қырымға соғысқа барамын” деген хабарламаның салдарынан ш...