Оразбек Сәрсенұлына 100 жыл. Алматыда арнайы концерт өтеді

МУЗЫКА
704

ОРАЗБЕК СӘРСЕНҰЛЫНЫҢ (1923-2023) 100 жылдық мерейтойына орай, күйшінің шығармалары тұңғыш рет Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің орындауында концерт өтеді.


Оркестрдің көркемдік жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері - БАТЫРЖАН МЫҚТЫБАЕВ.
Бас дирижері, мемлекеттік "Дарын" жастар сыйлығының лауреаты - АБЫЛАЙ ТІЛЕПБЕРГЕН.
Дирижері, ҚР Мәдениет қайраткері - ЖЕКСЕН АЙСЫН.

ӨТЕТІН КҮНІ: 10 қараша, сағат 17.00-де. Келемін деушілерге есік ашық.

Оңтүстіктің Қызылқұм, Мырзашөл өңірінің дәстүрлі ән, күй, жыр-термелері Алатаудың төрінде шырқалады!
Осы кеште "Бір күй - бір жеңімпаз!" атты байқауымызды қорытындылаймыз!
Концерттің тағы бір ерекшелігі - Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ өнер академиясы, дәстүрлі өнер кафедрасының доценті, күй зерттеуші МҰРАТ ӘБУҒАЗЫНЫҢ "Күлтір, Мамай. О.Сәрсенұлы" кітабының тұсаукесері өтеді.

КЕШКЕ ҚАТЫСАТЫНДАР:

ҮРАЛХАН СЕЙІЛБЕКОВА - ҚР мәдениет қайраткері, Шымкент қ. опера және балет театрының артисі.
САЯН АҚМОЛДА - ҚР мәдениет қайраткері, қобызшы, домбырашы.
НҰРЛАН ТҮМЕНБАЕВ, Т.Жүргенов атындағы қазақ өнер академиясының оқытушысы, халықаралық, республикалық күй байқауларының жеңімпазы.
ЕРБОЛ ҚАЛМҰРЗАЕВ - Шымкент саз колледжінің оқытушысы, дәстүрлі әнші.
ЛУНАРА МӘУЕТБЕК - Т.Жүргенов атындағы қазақ өнер академиясының магистранты, "Алатау" дәстүрлі өнер театрының артисі, халықаралық, республикалық күй байқауларының жеңімпазы.
РУСЛАН АҚЫНБЕК - Шымкент саз колледжінің оқытушысы, республикалық жыр-терме байқауларының жеңімпазы.
ТИМУР ҮМБЕТЖАН, Т.Жүргенов атындағы Қазақ өнер академиясының студенті, республикалық күй байқауларының жеңімпазы.
ТҰРАР ӘЛМЕНОВ - Шымкент саз колледжінің оқытушысы, республикалық жыр-терме байқауларының жеңімпазы.
ЕРМЕК ҚАЗМҰХАМБЕТ - Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваторияның студенті, республикалық күй байқауларының жеңімпазы.
ГҮЛНАЗ САРТАЕВА - Арыс ауданы мәдениет үйінің артисі, жыршы-термеші.

КЕЛІҢІЗДЕР! Баршаңызды күтеміз!

Мәдениет порталы

author

Оразбек Сарсенов

КҮЙШІ

Жаңалықтар

Шохан Уәлиханов - ешкім емес. Бұл туралы Жазушы, сценарист Перизат Мырзахмет "Кейде ойланам" подкаст...

Жаңалықтар

Белгілі сазгер, ақын Бақтияр Құрманайқызы отандан кейінгі жағдайын айтып, желіде жазба жариялады,&nb...