Астананың бас жоспары бекітілді. 2035 жылға дейін қалада не өзгереді?

Жаңалықтар
621

ҚР Үкіметі Астана қаласының 2035 жылға дейінгі бас жоспарын бекітті, деп хабарлайды madeniportal.kz

Онда елорданың әлеуметтік, тұрғын үй-коммуналдық, көлік және энергетикалық инфрақұрылымын одан әрі дамыту жөніндегі қадамдар белгіленген. 

Тиісті қаулыға ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қол қойды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша әзірленген Астананың негізгі қала құрылысы құжаты қоғамда кеңінен талқылаудан өтті. Онда халық санының қарқынды өсуін ескере отырып, қаланы серпінді дамыту шаралары қарастырылған, - делінген хабарламада.

Бас жоспарда 164 мектеп, 178 балабақша және 93 денсаулық сақтау мекемесінің құрылысы қарастырылған. 

2029 жылға дейін 15 заманауи оқушы сарайы салынады. 

Елорданың тұрғын үй қорын 68,2 млн м2-қа дейін, ал жол желісінің ұзындығын 1000 км, яғни 2,5 мың км-ге дейін ұлғайту жоспарланып отыр. 

Су тұтыну көлемінің өсуін ескере отырып, Ертіс-Қарағанды каналынан тартылатын су құбырымен тәулігіне 210 мың текше метр №4 сорғы-сүзгі стансасы салынады. Жылу және электр энергиясы бойынша ЖЭО-3 екінші кезегін, төрт жаңа газ жылу стансасын салу және ЖЭО-2 кеңейту, сондай-ақ 110/10 кВ 14 қосалқы стансаны іске қосу жоспарланған. 

Бас жоспарды іске асыруға 2025 жылға дейін барлық қаржы көздерінен тартылған инвестиция көлемі 6,3 трлн теңгені құрайды. Оның ішінде 4,3 трлн теңге жеке инвестициялар тұрғын үй құрылысына, 700 млрд теңге инфрақұрылымдық жобаларға тиесілі.

 

Жаңалықтар

Шерзат Полаттың туыстарының құқығын қорғайтын адвокат Карина Көшербаева қанды оқиға болған түні дүке...

Жаңалықтар

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Талғардағы Нұрымовтар әулетінің басындағы ауыр жағдайды Ішкі істер...