Атырау облысындағы Құлсары қаласынан 12 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Оның ішінде 5 мыңға жуық б...
Қазақстан боксшыларының финалдағы қарсыластары белгілі
Азия чемпионатында өнер көрсетіп жатқан қазақстандық боксшылардың финалдағы қарсыластары белгілі болды.
Қазақстанның ерлер командасынан чемпионат алтыны үшін бірден 9 боксшы шаршы алаңға шығады. Ал олардың бесеуінің қарсыласы өзбек боксшылары.
Финалдық жекпе-жектер сенбі, 12 қарашада өтеді.
Шешуші майдан жұптары:
48 келі, Санжар Тәшкенбай - Аратаке Кадзума (Жапония)
51 келі, Сәкен Бибосынов - Хасанбой Дусматов (Өзбекстан)
54 келі, Сабырхан Махмұт - Карло Паалам (Филиппин)
57 келі, Серік Теміржанов - Абдумалик Халоков (Өзбекстан)
67 келі, Дулат Бекбауов - Бунджонг Синсири (Таиланд)
71 келі, Асыланбек Шымбергенов - Зеяд Ишайш (Иордания)
75 келі, Нұрқанат Райыс - Саиджамшид Джафаров (Өзбекстан)
92 келі, Айбек Оралбай - Мадияр Сайдрахимов (Өзбекстан)
+92 келі, Қамшыбек Қоңқабаев - Лазизбек Муллажонов (Өзбекстан).