Президент Тоқаевтың 5 жылда жасаған жұмысына қысқаша шолу

Жаңалықтар
890

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті болып қызметке кіріскеннен бастап, көзді ашып-жұмғанша 5 жыл зымарап өте шыққандай. Енді бір жағынан қарасаң, «бақандай бес жыл» деген тұрақты тіркес те бекерден бекер айтылмаған сияқты болып көрінеді. Сонымен, осы 5 жыл ішінде Мемлекет басшысы қандай игілікті істер атқарды, Қазақстан қандай жетістіктерге жетті деген сияқты көпшіліктің көкейінде жүрген сұрақтарға қысқаша жауап іздеп көрелік. 

TENGENOMIKA телегермм арнасының зерттеуінше, 2019 жылдан 2023 жылға дейінгі елдің экономикалық және әлеуметтік прогресін талдау барысында оң өзгерістер байқалды.

Атап айтқанда, Қазақстан экономикасы айтарлықтай өсіп, жалпы ішкі өнім 2019 жылғы 182 миллиард доллардан былтыр 260 миллиард долларға дейін өсті.

Бұл даму жалпы экономикаға ғана емес, халықтың әл-ауқатына да әсер еткенін атап өту маңызды. Өйткені жан басына шаққандағы ЖІӨ де өскен. Халықаралық валюта қорының бағалауы бойынша, биылғы ЖІӨ14 мың доллардан асқан. Бұл көрсеткіш 2019 жылы 10 мың доллар шамасында болған екен. 

Экономикалық өсуден басқа, Қазақстан бірқатар халықаралық рейтингтерде өз позициясын жақсартты. Алайда, қол жеткізілген нәтижелерге қарамастан, елде 2029 жылға қарай жалпы ішкі өнімнің екі еселенуі сияқты одан да батыл міндеттер алға қойылып отыр. 

Сарапшы, әлеуметтанушы Айнұр Бақытжанова adyrna.kz порталында жариялаған мақаласында Президент Тоқаевтың соңғы 5 жылда атқарған жұмысын жан-жақты талдап көрсетеді. Оның пікірінше, Қазақстан геосаясаты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен 2019-2024 жылдар аралығында елдің әлемдік аренадағы логистика мен саудадағы рөлін нығайтуға ұмтылысын көрсетті. Бұл бірнеше негізгі аспектілерде көрінеді: Көлік және логистикалық инфрақұрылымдардың дамуы Қазақстанның өңірдегі транзиттік сауда орталығына айналу үшін өзінің көліктік және логистикалық инфрақұрылымдарын белсенді дамытуға негіз бұрған. Бұған теміржол желісін, жол инфрақұрылымын және теңіз порттарын жаңарту және кеңейту кіреді.

«Қасым-Жомарт Тоқаевтың геосаясаттағы белсенділігінің «соққы» әрекеттері 2022 жылы болды деген ойдамын. Ол кезде мемлекет басшысы Қытай мен Ресей басшылары – Си Цзиньпин және Путинмен жеке келіссөздер жүргізіп, ШЫҰ саммитіне қатысып, БҰҰ Бас Ассамблеясы алаңдарында, оның ішінде Еуроодақ басшылығымен бірқатар кездесулер өткізді, БҰҰ Бас Ассамблеясының жалпы пікірталастарында сөз сөйледі және іс-сапарымен Нью-Йоркке барды. Сонымен қатар, Қазақстан басшылығының назарында түркі әлемімен – Орталық Азия елдерімен, Түркиямен және Әзербайжанмен саяси жақындасу орын алды. Әзербайжанмен қарым-қатынастың нәтижесі 2024 жылдың наурыз айында ұтымды және тиімді жетістіктерін көрсетті», - деп жазады автор. 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президенттік өкілеттілігін атқарудың алғашқы жылдары мемлекеттегі әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуден басталды. Осы кезеңді елімізде сол уақытта болған саясаттың ауысуы кезіндегі дүрбелеңдер, пандемия, пандемиядан кейінгі кезеңдер, Қаңтар оқиғасының болуы да одан әрі әлеуметтік мәселелерге ден қою керектігін көрсетті. Дегенмен бұл оқиғалар Қазақстанда әлеуметтік саясатты жақсартуға және оның тиімді жұмыс істеуіне түрткі болғандығы анық.

2019 жылы президент Тоқаев «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жариялады, онда негізгі бағыт - мемлекет азаматтардың мүддесіне қызмет етуі тиіс.

Парламенттік оппозицияның қалыптасуына ықпал ететін қоғамдық-саяси митингілерді өткізу үшін хабарлама қағидаты енгізілді.

Партиялық сайлау тізімдеріндегі әйелдер мен жастар үшін олардың елді басқарудағы өкілдігін қамтамасыз ету мақсатында міндетті 30 пайыздық квота бекітілді.

Ал 2020 жылы коронавирус эпидемиясы кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев өзін шешуші көшбасшы ретінде көрсетті. Аурудың белең алып кетпеуі үшін ол тез арада төтенше жағдай енгізіп, Еуразия елдерінде алғашқылардың бірі болды. Сонымен қатар, ол халыққа айтарлықтай қолдау көрсете бастады: зейнетақылар 10% индекстелді, жастарға көтерме қолдауы берілді, ал шағын және орта бизнеске салықты толығымен алып тастады.

2021 жылы бір мандатты округтер бойынша сайлауды ішінара өткізуді қамтитын саяси реформалар енгізілді, бұл кандидаттардың өзін-өзі ұсынуына мүмкіндік береді.

Барлық деңгейдегі әкімдерге саяси партияларда қызмет атқаруға тыйым салынды, бұл биліктің партиялық мүдделерден тәуелсіздігіне ықпал етеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте көмектесетін мемлекеттік органдардың азаматтармен және бизнеспен өзара іс-қимылы үшін цифрлық форматты басымдыққа айналдырған «Әдепкі цифрландыру» жобасына бастамашылық жасалды.

Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін сотталған азаматтарды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салынды.

2022 жыл Қазақстандағы саяси реформалардың жаңғыру сәтіне жетті. Сол кезде атқарылған шараларға шолу ретінде: Қазақстанда Конституцияны өзгерту жөніндегі референдум арқылы саяси жаңғырту жүргізілді. Негізгі өзгерістерге бір рет жеті жылдық президенттік мерзім енгізу, әртүрлі билік институттары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу, «Суперпрезиденттік» Республика мәртебесінен бас тарту, Президентке партияларға мүше болуға және туыстарының мемлекеттік лауазымдарға орналасуына тыйым салу кірді. Сондай-ақ, жердің, судың және жер қойнауының Қазақстан халқына тиесілі екендігі туралы бап бекітілді, ал Конституциялық Сот 1995 жылы таратылғаннан кейін қалпына келтірілді.

2023 жылы Қазақстанда ауылдық елді мекендер мен аудандық маңызы бар қалалардың әкімдерін, содан кейін аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың басшыларын сайлау енгізілді. Мемлекеттік және квазимемлекеттік құрылымдарды қоғамдық бақылау туралы заң да қабылданды. Бұдан басқа, дауыстардың шекті мәнін еңсеру кезінде мемлекеттік органдардың қарауы үшін міндетті онлайн-петициялар институты енгізілді.

Ал 2024 жылы Қасым-Жомарт Кемелұлының саяси реформаларының бағыты қандай болатындығы оның Egemen Qazaqstan-ға берген сұхбатынан көруге болады. Яғни, Egemen Qazaqstan газетіне берген сұхбатында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы маңызды саяси реформаларды талқылады. Конституциялық өзгерістер сыбайлас жемқорлықты жоюға және елдің болашақ дамуы үшін берік құқықтық іргетас құруға бағытталған. Көппартиялық сайлау енгізілді, парламенттік бақылау нығайтылды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және заңсыз капиталды қайтару туралы заңдар қабылданды. Президент сондай-ақ демократиялық қайта құру үшін азаматтардың құқықтық сауаттылығы мен белсенділігінің маңыздылығын атап өтіп, бұрынғы жүйеге оралудың мүмкін еместігін айтты.

Ендігі кезекте Президент Тоқаевтың 5 жылда шетелдерге жасаған сапарларына шолу жасап өтпекпіз. 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік сапарларды үнемі жасайды, оның барысында басқа мемлекеттердің көшбасшыларымен кездеседі, халықаралық саммиттер мен форумдарға қатысады, онда Қазақстанның мүдделерін әлемдік аренада ілгерілетеді. Сонымен қатар, Президенттің шетелдік сапарлары елдер арасындағы экономикалық, мәдени және ғылыми байланыстардың дамуына ықпал етеді.

Мемлекет басшысы лауазымында болған кезеңде Тоқаев 73 шетелдік сапар жасаған екен.

Ең жиі баратын мемлекеттердің ішінде біздің ең жақын көршілеріміз – Ресей Федерациясы - 18 және Қырғызстан - 7 сапар. Президент Қытай, БАӘ, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия және Өзбекстанға 4 рет сапар жасады. Әзірбайжанға, Германияға және АҚШ-қа 3 реттен барып келген. Арменияға, Катарға және Сауд Арабиясына 2 реттен барған. 




Жаңалықтар

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы энергетик сусындарға қатысты пәтуа шығарды, деп хабарлайды ma...

Жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысында зорлау туралы көрінеу жалған хабарлау оқиғасы анықталды, деп хабарлайды ma...