Қазақстандық әйел АҚШ әлеуметтік желілерінде жылдың үздік моделі атанды

Жаңалықтар
275

Қазақстандық Кристина Менисов АҚШ-та өткен байқауда әлеуметтік желідегі жылдың үздік моделі атанды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

фотосурет ашық дереккөзденӘлеуметтік желілерде жылдың үздік моделі атағы үшін бес қатысушы сайысқа түсті.

Дауыс беру қорытындысы бойынша жеңіске жеткен алматылық модель Кристина Менисов ұлттық деңгейдегі марапат – National Social Media Awards сыйлығына ие болды.

«Мен үшін осы жолы дауыс бергендерге және мен қандай іс-шараға қатыссам да әрқашан маған қолдау көрсететін жандардың әрқайсысын бағалаймын. Менің 2017 жылы бір жасар баламмен Лос-Анджелеске кәсіби модельдік қызметке баруыма себепкер болған өздеріңіз. Мен осы таңғажайып платформаның құрылғанына және көпшілігіңіздің менің барлық істерімді қолдағандарыңыз үшін өте ризамын», - деп жазды модель Instagram парақшасында.

Кристина 2022 жылы АҚШ-та өткен Miss Universe World International байқауында бас жүлдені жеңіп алған. Қазақстандық модель Chopard, Cartier, Michael Costello, Balmain, Yves Saint Laurent сияқты әлемдік брендтермен жұмыс істеп те үлгерді. Ол Vogue, Mexico, Elle, Glamour, Harper's Bazaar журналдарының мұқабаларына шықты.

Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...