Геннадий рингке қашан оралады: боксшының бұрынғы бапкері жауап берді

Жаңалықтар
357

Геннадий Головкиннің бұрынғы бапкері Абель Санчес шәкіртінің рингке оралуы мүмкін екеніне қатысты пікірін айтты. Бұл туралы madeniportal.kz World Boxing News порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Геннадий шаршы алаңға орала ма жоқ па білмеймін. Оралмайды деп үміттенемін. Мен оның соңғы жекпе-жегін көрмедім. Тек ол туралы естіп, оқып жүрдім. Бірақ мен Геннадийдің мансабы мен жекпе-жектері оны қартайтатындай болды деп ойламаймын. Оның cоңғы кездесуінде мен және басқалар күткендей жұдырықтаспауына жаттығуындағы әдеттері мен режимінің өзгеруі себеп болды деп есептеймін", – деді Санчес. Сондай-ақ Абель Санчес қазір Геннадиймен бірге жұмыс істеп жатқан адамдардан көңілі қалғанын айтты. "Олар тіпті Геннадий чемпиондық белбеулерінен бас тартуды шешкенде баспасөз мәслихатын ұйымдастырып беруге жараған жоқ. Головкиннің бұрынғы промоутері Том Леффлер бұл жағдайда үлкен баспасөз мәслихатын ұйымдастырар еді. Сол кезде Геннадий жоспарлары туралы айтып бере алатын еді", – деді бапкер. 

Айта кетейік, Абель Санчес 2019 жылға дейін Геннадий Головкинді жаттықтырды. Головкин соңғы рет рингке 2023 жылы қыркүйекте шығып, Сауль Канело Альвареспен трилогияда жеңіліп қалған еді. 

Жаңалықтар

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі алтын, күміс, қорғасын, мырыш және басқа да қатты пайдалы қазба қ...

Спорт

Қазақстандық Шавкат Рахмонов пен ирландиялық Иан Гэрри арасындағы айқасқа екі аптадан сәл-ақ астам у...