Алматыдағы лай көшкіні: қаза болған жасөспірімнің денесі табылды

Жаңалықтар
419

Алматыда лай көшкіні басып қалған үйдің үйіндісі астынан 17 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылды,  деп хабарлайды madeniportal.kz қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. фото: Stan.kz

«Алматыда лай көшкіні нәтижесінде іздестіру-құтқару жұмыстарының барысында лай көшкініне байланысты жедел штаб ашылды. Қазіргі уақытта жеке тұрғын үйді топырақ үйіндісінен тазарту және адамдарды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр»,– деп атап өтті ТЖД өкілдері.

Іздеу жұмыстарына 182 маман мен 32 техника жұмылдырылды. 

«Техногендік сипаттағы лай көшкіні салдарынан ғимарат зақымданған. Алматы қаласы ТЖД және республикалық жедел-құтқару жасағының күштері лай көшкіні салдарынан қаза тапқан 2007 жылғы жасөспірімнің денесін тапты», – делінген хабарламада.

Іздеу-құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

Спорт

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының экс-ойыншысы Ұлан Қонысбаев Euro-football.ru сайтына берген с...

Жаңалықтар

Бұл ерекше жүздесу Лондонда өтті. Ең ұзын және ең қысқа әйелдер кездесіп, бірге шәй ішіп, әңгімелест...